You are here
Еліміздің әрбір өңірінде әлеуетті қатысушылар үшін тегін оқыту семинарлар өткізіледі

Хабарлама
Құрметті кәсіпкерлер!
Жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы шеңберінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 жарлығына сәйкес еліміздің әрбір өңірінде әлеуетті қатысушылар үшін тегін оқыту семинарларын өткізеді.
Қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты 2021 жылы оқыту семинарларын өткізу әлі қарастырылмады.
Осыған байланысты, www.altynsapa.kz сайтында «Оқыту» бөлімінде жалпы бір оқыту семинарын құрайтын 24 бейне ролик жарияланған.
Бейнесабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде түсірілді.
Конкурсқа әлеуетті қатысушылардан кезектілік тәртібімен қатысқысы келетін конкурс бойынша барлық бейнесабақтарды көруді сұраймыз.
Әлеуетті қатысушыларға кеңес беру үшін ОСЫ өңірлердегі байқауларға жауапты қызметкерлердің байланыс телефондары жарияланған.
Өңірлерде оқыту семинарларын өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда хабарландыру және семинарларды өткізу кестесі сайтта ағымдағы жылы наурыз айының соңында жарияланады. Ақпаратты жіберіп алмау үшін жаңалықтарға және әлеуметтік желілердегі парақшаларға жазылыңыз Facebook.
Дата создания: 03 наурыз 2021