You are here

«АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес "Алтын сапа" сыйлығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi.

Сапа саласындағы жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығымен марапаттау әр жылдың соңында өтетін, елімізде маңыздылығы жоғары шара болып табылады. Байқау сыйлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жеке марапаттауы байқаудың маңыздылығын айқындайды.

 
 

«АЛТЫН САПА» ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СЫЙЛЫҒЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН
БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:

активная деятельность

Жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;

насыщенность рынка

Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруға жағдай жасау;

идеи

Халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту.

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда сыйлық жыл сайын үш номинацияда үш санатта тағайындалады:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
  • «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;
  • «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын»;
  • «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын».

Әр номинация бойынша келесі cанаттар бойынша үш жүлде беріледі:

  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі;
  • Орта кәсіпкерлік субъектісі;
  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі.
 

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға Қазақстан Республикасы аумағында тауар өндірумен (қару-жарақ және әскери техника өндірумен айналысатындардан басқа), қызмет көрсетумен айналысатын, мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағында тауар өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Қазақ

Дневники выставки "Лучший товар Казахстана" (Талдыкорган, Актау и Караганда)

Қатысу үшін өтініш

Сілтемелер

 

 

 

ТАРИХЫ

«Алтын Сапа» сыйлығы ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қазанда қабылданған «Қазақстанның жаңа экономикасын қалыптастыру, жеке өндірістер мен тауарлар және қызметтер сапасының үздіксіз артуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау туралы» № 194 Жарлығымен тағайындалған

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау заманауи менеджменттің даму үрдісін ескеретін модель бойынша жүргізіліп, сапа бойынша Еуропа сыйлығының моделімен үйлестірілген. Сонымен қатар «Алтын сапа» сыйлығы өнім және қызмет сапасы саласындағы жетістіктер үшін берілетін ТМД елдерінің сыйлықтарының талаптарына сәйкес келеді. «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда өндіріс басшысының көшбасшылық рөліне, ұйымның сапа саласындағы саясаты мен стратегиясына, өнімдер мен қызметтер сапасының тұтынушылар тарапынан бағалануына қатысты көрсеткіштер күшейтілген. Бұл модель ұйымдарда сапа бойынша жасалып жатқан жұмыстардың деңгейін жете бағалауға мүмкіндік жасайды.


Жыл сайын елімізде 200-ге жуық кәсіпорын «Алтын сапа» сыйлығының иегері атану үшін конкурсқа қатысады.


Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті сыйлықты жеке өзі табыстайды.


ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

 

Байқаудың өткізілетіні жайлы ақпарат жыл сайын ақпан айында республикалық БАҚ-та жарияланады.

 

 

ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ

Байқауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және материалдарды алдын ала бағалау ережелеріне сәйкес, жыл сайын 1 шілдеге дейін www.altynsapa.kz сайтында электронды түрде өтінім қалдырып, материалдарын байқауды ұйымдастырушыларға тапсырады. Ұйымдастырушы байқауға қатысуға ниет танытқан үміткерлердің материалдарын және осы материалдарға жасалатын алдын ала қорытындысын Сараптамалық топтың қарауына ұсынады. Сараптамалық топ ұсынылған материалдар, және Комиссия отырысының хаттамасы негізінде байқау қатысушыларына «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының дипломанты  атағын беру туралы шешім қабылдайды.

«Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанған компаниялар 450 АЕК көлеміндегі қаржылай марапатқа  ие болады.

Лауреат атағын алмаған байқауға қатысушылары сапа саласындағы қызметті жетілдіру бойынша Байқау ұйымдастырушысы атынан ұсыным алады.

Байқауға «Қазақстанда жасалған» белгісімен өнім шығаратын және қызмет көрсететін кезкелген отандық кәсіпорын қатыса алады. Алайда сапабойынша халықаралық стандарттарға көшу және алдыңғы технологияларды енгізу қатысушыларға қойылатын басты талап болып табылады.

 

1) «Алтын Сапа» конкурсына қатысу үшін үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға конкурс қатысушыларының материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ержелеріне сәйкес  1 шілдеге дейінгі мерзімде www.altynsapa.kz сайтында электронды түрде өтінім қалдыруы қажет.

2) Енгізілген СМЖ болуы тиіс.

3) Нарықта 3 жылдан кем болмауы керек.

 

Қымбатты кәсіпкерлер мен отандық бизнестің өкілдері! Жетістікке жетуді, қызмет көрсетіп отырған салаңыздағы үздіктер қатарында табылуды мақсат тұтсаңыз Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға қатысуға шақырамыз!

 

«Алтын сапа» - жетістікке жетелейді!