You are here

COVID-19 пандемиясына байланысты "Қазақстанның үздік тауары" байқау-көрмесі өткізілмейді

Құрметті кәсіпкерлер!

 

Сіздерді Президент Әкімшілігінің Басшысы Е.Ж. Қошановтың (2020 жылғы 3 сәуірдегі №20-1328) тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарын (а.ж. мамыр-маусым айларында жоспарланды) және тиісінше «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының республикалық кезеңін өткізбеу туралы шешім қабылданғандығы туралы хабардар етеміз.

 

Бұл шешім елде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Пандемия кезеңінде Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 қаулысы негізінде қабылданды.

 

«Қазақстанның үздік тауары» конкурсына қатысу үшін онлайн өтінім қалдырмауларыңызды сұраймыз, бұрын берілген барлық өтінімдер жойылады.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау белгіленген тәртіппен өткізіледі, қатысу үшін өтінімдерді онлайн қабылдау жалғасуда.

 

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының өткізілмейтіндігі немесе конкурсқа қатысу мәселелері бойынша +7 775 584 0538 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

 

Дата создания: 16 сәуір 2020

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер