You are here

2021 жылғы 10 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінімдерді қабылдау басталғандығын хабарлайды

ХАБАРЛАМА

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 жарлығына сәйкес, 2021 жылғы 10 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінімдерді қабылдау басталғандығын хабарлайды.

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) ұйымның өнім және/немесе қызметтер сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудағы тиімділігі, жоғары әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде ұсынылады.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқауға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар қатыса алмайды.

Сыйлық үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) және келесі номинациялар бойынша беріледі:

1) «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»;

2) «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;

3) «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын»;

4) «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

Конкурста «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалады.

Байқауға қатысушылар алдыңғы үш жыл ішінде шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын көрсетуі тиіс.

Байқау төрт кезеңде өткізіледі және келесі маңызы санаттардан тұрады.

Өтінімдерді 2020 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында немесе ӨКП тапсыру қажет. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап өтінімдерді қабылдау жабылады!

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер материалдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне» сәйкес орналасқан жері бойынша ӨКП-ге 1 шілдеге дейінгі мерзімде ресімдеп, тапсыруы тиіс.

2. ҰКП сараптамалық тобының алдын ала бағалау жүргізуі және 40 финалисті анықтауы (тамыз- қыркүйек ).

3. Сараптамалық топ кәсіпорындарға барып, байқаудың финалистеріне бағалайды.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссияның отырысы (қараша).

Сыйлық лауреаттарына тиісті диплом, конкурс эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш ақшалай сыйақы беріледі. Лауреаттар төрт жыл бойы «Алтын сапа» конкурсының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

2. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы – отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2) «Халыққа арналған үздік тауарлар»;

3) «Үздік азық-түлік тауарлары».

Әр номинацияда үш жеңімпаз айқындалады.

«Қазақстанның үздік тауары» көме-байқауы бір жыл бойы өткізіліп, төрт кезеңде жүзеге асырылады.

1. Өтінімді «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының өткізілуіне кемінде 10 күн қалған мерзімде www.altynsapa.kz сайтында немесе өңірлік кәсіпкерлер палаталарына ұсыну қажет.

Өңірлік көрмелердің өткізілу кестесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерімен келісім бойынша жасалады және ағымдағы жылдың 15 сәуірден бастап www.altynsapa.kz сайтында жарияланады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер материалдарын Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі» сәйкес толтырып, орналасқан облысындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталарына ұсынады (www.altynsapa.kz  сайтында жарияланған).

Өңірлік көрмеге қатысу конкурсқа одан әрі қатысудың міндетті шарты болып табылады. Өңірлік конкурстардың 9 жеңімпазы ғана «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

2. Нұр-Сұлтан қаласында республикалық көрме-байқаудың өткізілуі (қазан). Көрме нәтижесі бойынша ҰКП сараптамалық тобы үш номинация бойынша 27 финалисті анықтайды.

3. Үшінші кезеңде 27 финалист (15-25 қазан аралығында) онлайн-дауыс беруге қатысады.

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссияның конкурстың 9 қатысушысына «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломаты атағын беру туралы шешім қабылдау отырысы (қараша).

Байқау дипломанттарына диплом мен конкурс эмблемасы тапсырылады. Дипломанттар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі.

Конкурстардың әлеуетті қатысушыларының консультация ретінде www.altynsapa.kz сайтында конкурстарды өткізу тәртібі және конкурстардың материалдарын ресімдеу ережелері бойынша бейне сабақтар жарияланған.

ӨКП базасында тегін оқыту семинарлары өткізілген жағдайда семинарларды өткізу кестесі конкурстардың сайтында хабарланады.

Құрметті кәсіпкерлер, сапа саласындағы конкурстарға қатысып, бақтарыңызды сынауға шақырамыз. Толық ақпарат алу үшін әлеуметтік желілердегі Алтын сапа ресми парақшаларына және сайт (www.altynsapa.kz) жаңалықтарына жазылыңыз. Байланыс телефоны: 8 (7172) 919-388 (ішкі1931) және 8 (7172) 919-344.

 

Дата создания: 03 наурыз 2021

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер