You are here

15 тауар өндірушісі арасынан кірпіш зауыты үздік деп танылды

Көкшетауда «Қазақстанның үздік тауары-2015» өңірлік көрме-байқауы өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасы мұрындық болған шараға аймақтың 15 тауар өндірушісі қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Биылғы көрменің бұрынғылардан ерекшелігі мұнда тек дәстүрлі жеңіл және тамақ өнеркәсібі ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптің химия және құрылыс секілді салаларының өнімдері де қойылған.

Сондай-ақ бұл шараға алғаш рет қатысып отырған кәсіпорындар да бар. Олар үшін мұндай көрмелер бұқараға танылудың бірден-бір ұтымды жолы. Ал байқаудың қорытындысы бойынша Көкшетаудағы кірпіш зауыты жеңімпаз атанды. Енді кәсіпорын республикалық байқауда Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

Нуритдин Сәмпиев, «ЕНКИ» кірпіш зауытының директоры

- Біздің зауыт айына 60 млн дана кірпіш шығара алады. Өнімдеріміз Қазақстан мен көрші Ресейде де сұранысқа ие. Ал қазіргі теңгенің еркін айналымға жіберілуі біздің кәсіпорын үшін өте тиімді болып тұр. Бұған дейін Италия, Испания елдерінде болған байқауларға да қатысып, бірнеше мәрте үздік тауар өндіруші атағына ие болдық.

Құрманғазы Қабдолда, жеке кәсіпкер

- Бұл көрмеге мен бірінші рет қатысып отырмын. Осы көрменің арқасында өзімізге бір сатып алушылардың, осыны қызықтайтын адамдардан қолдау табамыз деген ниеттеміз. Енді келешектегі ниетіміз қазақтың осы қолөнерін бір күнделікті тіршілікке жарататындай бір не кіргізбекшіміз.

Дата создания:

30 тамыз 2015

Хабар

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер