You are here

ӨҢІРЛЕРДЕ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫН» ТАҢДАУ БАСТАЛДЫ

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауларын өткізу күндері анықталды

Осы жылғы алғашқы облыстық байқау Атырауда өтті. Өңірді республикалық деңгейде таныстыратын 9 тауар өндіруші іріктелді. Келесі көрме-байқау 21 маусым күні Тараз қаласында өтеді.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдан бастап ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен «Алтын Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулардың негізгі ұйымдастырушысы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып бекітілді. «Алтын сапа» сыйлығы байқау негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi. Өз кезегінде «Қазақстанның үздік тауары» отандық өндірушіні қолдау, тауар мен қызметтердің  сапасын арттыруға және өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

 Байқау үш аталым бойынша жүргізіледі:

  1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  2. «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
  3. «Үздік азық-түлік тауарлары».

Байқаулар туралы толық ақпаратпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.  

Дата создания: 20 маусым 2019

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер