You are here

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары-2015» өңірлік көрме-байқауы өтті

25 кәсіпкерлік құрылым сыр өңірінде өндіріліп, өңделген өнімдерін ұсыныпты.

Биылдан бастап байқау ережесіне сай жеке кәсіпкерлер де өз тауарларын көрмеге қоя алады. Байқау жеңімпаздары 3 бағыт бойынша анықталды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясын «УЮТ» серіктестігі жеңіп алды. Бұл кәсіпорын бүгінде түйе жүнінен тігілген өнімдерін алыс-жақын шетелге экспорттайды. Ал «Үздік азық-түлік тауары» дейтін аталым бойынша 90 жылдық тарихы бар «Арал тұз» зауыты топ жарды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

Талғат Арыстанов, «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС техникалық директоры:  

- Мұнай өнімдерін Балтық жағалауы және тағы басқа Еуропа елдеріне экспорттаймыз. 2013 жылы 21 мың, 2014 жылы 16 мың, ал ағымдағы жылы 3 мың тоннадан астам мазут шетелге шығарылды. Осы ретте елімізде қабылданған жаңа экономикалық саясат арқасында сатылымнан түскен табыс 30%-ға артты. Бұл жағдай бізге жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік үстемеақылар қосуға мүмкіндік беріп отыр.

Дата создания:

25 тамыз 2015

24kz

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер