You are here

ШҚО-да үздік тауар өндірушілердің көрмесі өтті

Шығыс Қазақстан облысында өндірілетін тауардың басым бөлігін ауыр өнеркәсіп өнімі құрайды.

Дегенмен күнделікті шаруашылық пен жеңіл өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. Әсіресе шағын фабрика мен тігін цех ашқан кәсіпкерлердің саны артқан. Бұл ретте «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» сияқты мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие алып, кәсіптен нәсіп тауып отырғандар көп. Ендігі міндет – сапаны арттыру. Сондықтан Өскеменде облыстың үздік тауар өндірушілерінің көрмесі өтті. Көрме-байқауға ауданнан, қаладан келген алпыстан астам тауар өндіруші қатысты. Солардың бірі – Аягөз ауданында тұратын Әділжан Құлқаев. Ол соңғы сегіз жылда қайыстан ат әбзілдерін жасаумен айналысады. Ер-тұрман, таға-шегенің де түр-түрін жасайды. Шебер былтыр мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейткен. Енді өз бұйымдарын сататын дүкендер желісін көбейтуді көздеп отыр.

Әділжан Құлқаев, қолөнер шебері:

- 2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен 2 миллион несие алдым. Содан жұмысымды кеңейтіп жатырмын. Қазір 2 адам жұмыс істейміз. Көмекшім бар. Үлкейтіп жатырмыз. Цех салып жатырмыз.

Дүйсенғазы Мусин, ШҚО әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі күннің ең басты мәселесі – тауардың сапасы. Бұл көрменің пайдасы зор. Шығыс Қазақстанның тауар өндірушілері бәсекеге қабілетті тауар өндіріп, бүкіләлемдік нарыққа шығуы – атқарушы биліктің де, жалпы кәсіпкерлер палатасының да міндеттерінің бірі.

Дата создания:

06 тамыз 2015

24kz

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер