You are here

Хабарландыру

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауды ұйымдастырушы ретінде 2021 жылы 3 маусымда сағат 14.30-дан 17.30-ға дейін жоспарланған ZOOM платформасы арқылы бейне конференцбайланыс форматындағы мемлекеттік тілдегі «Конкурстың әлеуетті қатысушыларына арналған «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу тәртібі мен материалдарын ресімдеу ережесі» тақырыбындағы вебинардың кейінге шегерілгенін хабарлайды.  

Бұл вебинар 2021 жылы 17 маусым күні сағат 14.30-дан 17.30-ға дейін мемлекеттік тілде өтеді.

 www.altynsapa.kz сайтында «Оқыту семинарлары» бөлімінде байқаулар бойынша бейне дәрістер орналастырылды. Байқауға қатысуға ниет білдірушілерге барлық бейне дәрістерді қарап, вебинарға қатысуды ұсынамыз.

Вебинарға қатысқысы келетіндерге сілтеме алу керек, оны алу үшін  вебинар басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын +7 701 925 14 64 телефон нөміріне WhatsApp-қа «вебинар» сөзін жазыу арқылы және/немесе сіздің өңіріңіздегі ӨКП жауапты тұлғасына хабарласу қажет.

Дата создания: 02 маусым 2021

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер