You are here
Хабарландыру

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын және «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауды ұйымдастырушы ретінде келесіні хабарлайды.
Елде COVID ахуалының тұрақсыздығына, сондай-ақ республикада көпшілік іс-шараларды, соның ішінде көрмелерді өткізуге Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген тыйымға байланысты әрі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша «Қазақстанның Үздік тауары» көрме-конкурсы 2021 жылы өңірлік және республикалық кезеңдерінде өткізілмейді. Сондықтан берілген өтінімдер күшін жояды және өтінімдер қабылданбайды.
Конкурсты ұйымдастырушы 2021 жылы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға ғана өтінім қабылдауда.
Дата создания: 20 мамыр 2021