You are here

ТМД-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ 61-ШІ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСІ

 

Ағымдағы жылғы 13-14 шілдеде Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің (МАК) мерейтойлық отырысы өтті.

 

Іс-шара биылғы жылы атап өтілетін МАК-тың 30 жылдығына орайластырылған. Оның жұмысына ТМД елдерінің Стандарттау, метрология, сәйкестікті бағалау және аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарының, ТМД Атқарушы комитетінің және МАК стандарттары жөніндегі бюроның, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның және т.б. басшылары мен өкілдері қатысты.

 

 

МАК отырысы қарсаңында өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығын алуға арналған конкурстың 2021 жылғы жеңімпаздарын марапаттау өтті. ТМД Экономикалық кеңесінің шешімімен Қазақстандық мына конкурсанттар лауреат атағына лайық деп танылды: «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалы (Павлодар облысы); «КЕЛЕТ» АҚ (Алматы қ.); «Центр элит НС» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) және дипломант атағымен: «Стадболт Мануфактуринг» ЖШС (Атырау облысы); «Алматы көпір құрылымдары зауыты» (АКҚЗ) (Алматы қ.).

 

 

 

Сондай-ақ, салтанатты рәсімде МАК-ты құруға, қалыптастыруға және жұмысына үлкен үлес қосқан ұлттық органдардың басшылары мен мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Оларға ТМД Атқарушы комитетінің грамоталары мен алғыс хаттары, «Еңбегі үшін» МАК құрмет белгілері, «МАК-қа 30 жыл» естелік медальдары табыс етілді.

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2 қызметкері: Әбдікәрімова Салтанат Жақсылыққызы – Республикалық конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директор және Мұқатова Мадина Қанатқызы – Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департаменттің 1-санатты сарапшысы «Еңбегі үшін» МАК құрмет белгілеріне ие болды.

 

 

Дата создания: 14 шілде 2022

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер