You are here

Тауар өндірушілер мен тұтынушылардың назарына!

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының 27 финалисі арасында келесі номинациялар бойынша онлайн-дауыс беру басталды:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2) «Халыққа арналған үздік тауарлар»;

3) «Үздік азық-түлік тауарлары»

Онлайн-дауыс беру ағымдағы жылдың 15 мен 25 қазан аралығында 10 күнтізбелік күн ішінде өткізіледі. Сіз әр номинация бойынша үш финалиске дауыс бере аласыз.

Байқаудың ұйымдастырушысы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.

Байқаудың негізгі мақсаты - отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару және халық арасында сапа идеясын көпшілікке тарату.

Байқау 4 кезеңмен өткізіледі.

1-деңгейде өңірлерде 153 компания-өңірлік байқау жеңімпаздары анықталып (17 өңірден 9 кәсіпорыннан), кейіннен дәл осы компаниялар 2019 жылдың 11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласы, «Көрме» орталығында өткен жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысты.

2-кезеңде республикалық көрменің нәтижесін ескере отырып, үш номинация бойынша 27 финалист анықталды.

Байқаудың өткізілу Қағидаларына сәйкес 3-кезеңде 27 финалист www.altynsapa.kz ресми сайтында онлайн-дауыс беруге қатысады.

4-кезеңде 27 финалисттің сараптамалық бағалары мен онлайн-дауыс беру нәтижелері басқа материалдармен қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Комиссияның қаралымына ұсынылады.

Онлайн-дауыс беруге қатысып, финалға шыққан отандық тауар өндірушілерді қолдауға шақырамыз.

Дауыс берудің басты шарты – әр номинацияда 3 кәсіпорынға дауыс беру.

Жеңімпаздар ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.

Дата создания: 15 қазан 2019

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер