You are here

Сапа көрсеткіштері серификаттармен айқындалған

Бірнеше жыл өңірлік байқауларда жүлдегерлер сапына іліккен «Аян-озат» ЖШС, қайтпас ерік-жігері мен табанды талпынысының арқасында, өткен жылы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында жеңімпаз атанды

Шұжық өнімдері, еттен жасалатын жеңсік ас, жартылай дайын тамақ түрлері өндірісіне ден қойған аталған Қостанай облысының ірі кәсіпорындарының бірі «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымының ІІ дәрежелі дипломын иеленді.

Сонымен озық үлгілі компаниялар қатарына енген компания тарихына тоқталсақ, 9 адамнан тұратын шағын ұжым 1996 жылы даму белесіне бет бұрған. Содан 3 жылдан кейін ресейлік әріптестерімен байланыс орнатып, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар сатып ала бастаған. Өз ісінің білгірі деген жетекші ресейлік технолог мамандар арнайы оқыту сабақтарына шақырылып, қызметкерлердің көкжиегі кеңейіп қалған. Ал 2005 жылы австриялық «SCHALLER» компаниясымен тығыз да жемісті ынтымақтастық түзіліп, бұл жолы әлемдік дәрежедегі тың дүниелерге ден қойылған.

«Өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, 2006 жылы Ресей мен Германияның алдыңғы қатарлы консалтингтік компанияларымен маркетингтік саясаттың тиімділік мәселесі жөнінде қарым-қатынас жасауға кірістік. «Аян-озат» ЖШС-нің сапа көрсеткіштерінің тұрақтылығы бірқатар сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен айқындалған. Үздіксіз білім мен өсімнің нәтижесінде еңбеккерлер саны 170-ке жетті. Шұжығымызды Қазақстанның  Жітіқара, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Петропавл, Көкшетау қалаларында, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының аудан орталықтары, ауылдарында бірдей жақсы көреді. 1000-нан астам жеке кәсіпкерді клиенттеріміз ретінде танимыз», - дейді сату бөлімінің басшысы Алена Кулаева.

Бүгінде 13 фирмалық бөлімі мен 60-тан артық фирмалық сауда нүктесі жұмыс істейтін «Аян-озат» компаниясы, өндірістік жайларын жаңа технологиялық және тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықтай бермек райда. Жұмысшыларға болса, өз алдына бөлек қолайлы еңбек жағдайы қарастырылған.

Дата создания: 12 тамыз 2016

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер