You are here

ПАВЛОДАРДА "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ-2022" ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АЙМАҚТЫҚ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Павлодар облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған байқау жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті.

 

Келушілер Павлодар облысының әртүрлі қалалары мен ауылдарынан тауар өндірушілердің өнімдерін көрді.

 

Мұнда 50 бизнес субъектісі өздерінің тауарларымен шықты. Қатысушыларды 4 шілдеде үміткерлердің материалдарын қарау жөніндегі сарапшылар тобы іріктеп алған болатын.

 

"Соңғы екі жылда қазақстандық бизнеске пандемияның дағдарыстық салдары мен тұтынушылардың қалауына байланысты оңай болған жоқ. Мен сіздерге осы дағдарыстан аман өтіп, жаңа өнімдер мен тауарлар жасауға шабыт берген жұмыс қабілеттілігіңізге, креативтілігіңізге, ерік күшіне таңданамын", - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

 

Көрме соңында байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" номинациясы бойынша лауреаттар дипломдарын табыс етті.

Бұл номинацияда "Казэнергокабель" АҚ, "Проммашкомлект" ЖШС және ЖШС "Тотал Сервис" лауреаттар болып танылды.

 

"Үздік азық-түлік тауарлары" номинациясының лауреаттарына кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернұр Жәутікбаев диплом табыстады.

Мұнда "ЭкоДом – Павлодар" ЖШС, "ПродМастер ПВ" ЖШС және "Царская каша KZ" ЖШС жеңімпаз атанды.

 

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов "Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясының лауреаттарын марапаттады: "Шеберлер қаласы" А.В. Битнер ЖК, "Молком Павлодар" ЖШС және "Қазақ соқырлар қоғамы "ҚБ Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорны"ЖШС.

 

"Атамекен" өңірлік палатасы директорының орынбасары Тимур Жантеміров көрме қатысушыларына естелік сыйлықтар табыс етті.

 

2015 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурстың және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме–конкурсының ұйымдастырушысы атанды, бүгінгі тоғыз жеңімпаз біздің өңірді республикалық кезеңде таныстырады.

 

Дата создания: 18 шілде 2022

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер