You are here

Бастысы – мінсіз сапа

 

БҚО «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда

Конкурстарға қатысуға шамамен жиырмадай жеке кәсіпкер мен заңды тұлға тілек білдірді. Бұл компаниялардың өкілдері конкурстарды өткізу тәртібімен және оның ережелерімен, ұйымның іс-қызметін өзін-өзі бағалау әдістемесімен танысу үшін оқу семинарына келді. Семинарды СМЖ бойынша сарапшы-аудитор, ТМД сыйлығының сарапшысы, Сапа менеджменті еуропалық қорының Еуропа сыйлығының асессоры Мәдина Мұқатова жүргізді.

Ол семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу конкурсына және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі қатысушыларының материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын-ала бағалау ережелеріне сәйкес, ресімделген  материалдарды, есеп берулерді, сауалнамаларды  және қатысу туралы өтінімдерді беру ережелерін түсіндірді.

«Өткен жылы Батыс Қазақстан  облысының 23 кәсіпорны «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмеге және 6 кәсіпорын «Алтын сапа» конкурсына қатысты, – дейді  Өңірлік палата директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Нұрқуатов. – «Өндірістік  бағыттағы үздік тауарлар» аталымында «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС жеңімпаз атанды, «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында «Орал сауда-өндірістік компаниясы»  ЖШС, ал «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында «Агроөнім ЛТД» ЖШС жеңімпаз болып танылды.

«Конкурсқа қатысқаннан бедел ғана өсіп қоймайды, бұл халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеуге ұмтылатын  кез келген компания үшін өте пайдалы, – дейді «ИНТЕК-ОНМР» ЖШС өкілі Елена Клюева. – Сондықтан біз Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа»  сыйлығын алу конкурсына  қатысуды жоспарлаудамыз. Бұл үшін біз аянбай  жұмыс істеп, барлық мүмкіншіліктерімізді жұмсауымыз керек екендігін  жақсы түсінеміз, еңбегің еленіп, алғысқа бөленіп, қуанышқа кенелудің өзі бір бақыт емес пе?!»

 Семинар соңында барлық  қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Дата создания: 27 маусым 2016

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер