You are here

АТЫРАУДЫҢ АТЫНАН БІРЕГЕЙ КИІМ ТОПТАМАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАДЫ

Кәсіпкер Айсұлу Оразбаева Атырауда өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында  «Халыққа арналған үздік тауар» атылымында ұлттық нақыштағы бірегей киім топтамасымен үздік шығып, республикалық байқауға жолдама алды

Айсұлу Оразбаеваның тігін цехында жұмыс қарқынды. Ұжым жұмылған жұдырықтай «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына дайындық үстінде. Авторлық киім топтамасымен таңқ алдыру үшін барынша кірісіп жатыр. Ерлер мен әйелдерге арнап тігілетін мерекелік кеш, күнделікті және кеңсе киімдерін ұлттық нақышта әрлеуді қолға алған

«Өңірлік байқауды жеңгеннен кейін республикалық байқауда қалай таңқалдыруды ойластырдық. Бірегей киім топтамасын дайындауға кірістік. Несие алып, жапониялық «Tajima» компаниясының жабдығын алып, жаңа техникада жұмыс істеуді үйренудеміз. Бұл жабдықтың бағдарламасы қымбат. Пайдалануды бастасақ, кестелеуден бөлек, атаулы логотипті қолдануды жоспарлап отырмыз», ­- дейді кәсіпкер.

Айсұлу Оразбаева жеке кәсібін 90-жылдары бастаған. Өз үйіне перде тігуден бастағанда үш күн, үш түн отырғанын еске алады.

«Ол уақытта қаражат тапшы еді. Сол уақытта қателесіп, матаны құртып алмауым керек еді. Сол уақытта «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мәтелдің мағынасын терең түсіндім», - деп еске алды жылы жымиған Айсұлу.

Ал 2000 жылдардың басында Айсұлу ұлттық нақыштағы өрнекпен перде тігуді қолға алды. Дизайнын дайындап, өзі пішкен. Екі жылдан кейін киім тігуді бастады. «Айсұлу» сән үйі» сауда маркасымен ұлттық стильдегі киімдер нарыққа шықты. Кейіннен жилет, сюртук, сөмке, бас киім, сыйлық қораптары сұрыпталымды арттырды.

«Қызметімде халыққа арналған тауар шығару қағидатын ұстанамын. Жұмыс қолмен істелгеніне қарамастан, бағасы да қол жетерліктей. Дүкенге келген адам өзіне, туыстарына киімді ала алатындай, мерекелік шараларға тапсырыс беретіндей болғанын қалаймын. Ұлттық өнерді насихаттап, қазақтың киімі әдемі екенін көрсеткім келеді. Қазіргі таңда отандық дизайнерлерге қолдау көрсетілетіні қуантады», - дейді сән үйінің иесі.

Оның айтуынша, сәтті бизнестің құпиясы – әрдайым біліктілікті арттыру. «Айсұлу» сән үйінің» қызметкерлері біліктілікті арттырып отырады. Республикалық байқауға дайындық аяқталғаннан кейін тігіншілер Түркия, Мәскеу және Душанбеге тағылымнамаға аттанады.

Дата создания: 15 тамыз 2018

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер