You are here

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтті

Бүгін Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 154 кәсіпорынның тауары ұсынылды. Азық-түліктен бастап, киім-кешек пен тұрмыстық заттарды елордалықтар аралап көріп, арзан бағада сатып алды. Ал байқаудың өзі үш номинация бойынша өтті. Олар «өндірістік мақсаттағы», «халыққа арналған» және «үздік азық-түлік тауарлары». Өнімдерді қазылар алқасы бағалап, әр аталым бойынша лайықтыларын анықтады.

Бауыржан Оразғалиев, «Атамекен» ҰКП Аппарат басшысы:

Осындай көрмелер біздің кәсіпорындар үшін пайдалы. Себебі оларға жарнама жағынан тиімді. Қазіргі уақытта Астана не басқа өңірден келушілердің арасында бұл байқау арқылы отандық кәсіпорындарға деген қызығушылық артады деген ойдамыз.

 

Дата создания: 08 қазан 2022

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер