You are here

"Алтын сапа" байқауы мен "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауы бойынша оқыту семинарлары

21 мамырда Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Алтын сапа» байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы қатысушыларына арналған дайындық-семинар өтті. Оған қатысқан 30-дан астам жергілікті кәсіпкерге байқау кезеңдері туралы түсіндірілді. Сарапшылардың айтуынша дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жобаға қатысушы үміткерлердің саны жыл санап артып келеді. Кәсібін шындаймын дегендер үшін, байқауға қатысу тегін. Тек нарыққа - сапалы, халыққа - қолжетімді бағадағы тауарларды шығарудың тиімді жолдарын ұсынса екен...

"Кәсіпкерлер палатасына қаржылай қолдау іздеп келгендерге қояр талабымыз осы",-дейді сарапшы Бауыржан Дарқұлов. Ал дәстүрлі кәсіптік байқауға қатысушылардың саны жыл санап артып, сайыс қазір үміткерлер тарапынан үлкен сұранысқа ие. Семинар-тренингті өткізген сарапшылардың ескертуінше "Алтын сапа" кәсіптік жобасы бойынша президенттің жоғары жүлдесін алғысы келетін кәсіпкерлер нарық талабына сай жұмыс істеуі керек. Ал, ҚР ҰКП сарапшысы Мәдина Мұқатова байқаудың қандай кезеңдерден тұратынын жіті түсіндіріп, ол үшін қандай құжаттар дайындау керектігін айтты. Кәсіпкерлерді қолдауға арналған өңірлік байқау маусым айының аяғына дейін жалғаспақ. Бұл мерзім ішінде үміткерлер өз жобаларын тікелей және онлайн түрде ұсына алады. Алдағы уақытта, "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауының жүлдесін қанжығасына байлаған 9 кәсіпорын республикалық байқауға жолдама алмақ.

Бұған дейін оқыту семинарлары бірнеше өңірлерде өткен болатын. Атап айтқанда: Алматы, Атырау, Ақтау, Тараз, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Шымкент қаларында. Байқауға қатысу талаптары мен шарттары бойынша баяндалған семинарларға барлығы 300-ге жуық тыңдаушы қатысып, әдіснаманы өткендігін растайтын сертификаттар табысталды. 

Алдағы семинарларға қатысуға ниет білдірушілер өз өңіріңіз бойынша кәсіпкерлер палатасындағы конкурстар бойынша жауапты тұлғамен хабарласуыңызды сұраймыз. 

 

Өткізілетін күні

Өткізілетін орны

ӨКП-да семинарға жауапты тұлғаның байланыстары

1

16 сәуір

Алматы қ.

8 (727) 33 101 33 (ішкі 7525)

Алексеева Любовь Яковлевна

l.alexseyeva@atameken.kz

2

23 сәуір

Атырау қ.

8 (7122) 763 664 (ішкі 2315),

Тлемисова Толкын Аскаровна t.tlemissova@atameken.kz

3

24 сәуір

Ақтау қ.

8(7292) 30 40 40 (ішкі 4717, 4735)

Айтжанова Акку

akku.aitzhanova@atameken.kz

4

30 сәуір

Тараз қ.

8 (7262) 555 913 (ішкі 3114),

Молдахметова Нагима Нурмуратовна

n.moldakhmetova@atameken.kz

5

14 мамыр

Түркістан қ.

87072970208

Иганбердиева Зияда

z.iganberdiyeva@atameken.kz

6

14 мамыр

Қостанай қ.

8 (7142) 39-42-08 (ішкі 3911)

Юсупов Роберт Ринатович r.ysupov@atameken.kz

7

17 мамыр

Қарағанды қ.

8 (7213) 506 435, (ішкі 3519),

Юн Татьяна Леонидовна,

Алибек Момынбеков Алтынбекович

t.yun@atameken.kz, a.momynbekov@atameken.kz

8

21 мамыр

Ақтөбе қ.

8 (7132)744-607 (ішкі 1523),

Косназаров Алибек Орынбасарович

a.kosnazarov@atameken.kz

9

22 мамыр

Шымкент қ.

8 (7252) 394991(ішкі 5103)

Жансеитов Олжас Ерланович

o.zhanseitov@atameken.kz

10

28 мамыр

Өскемен қ.

8 (7232) 70-29-54 (ішкі 6325),

Мухаметова Раушан Тохтарбековна

r.mukhametova@atameken.kz

11

29 мамыр

Талдықорған қ.

8 (7282) 401 027 (ішкі 1609),

Маратова Жанна Маратовна

zh.maratova@atameken.kz

12

30 мамыр

Нұр-Сұлтан қ.

8 (7172) 91-90-88 (ішкі 7133)

Ахметова Зарина Атабаевна

z.ahmetova@atameken.kz

13

31 мамыр

Павлодар қ.

8 (7182) 660 311 ( 5515)

Искакова Айман

 

14

12 маусым

Қызылорда қ.

8 7242 400 981 (ішкі 4311)

Танатова Гульдана Яхияевна

g.tanatova@atameken.kz

15

14 маусым

Орал қ.

87112 24-30-75 (ішкі 2724),

Шамаев Дархан Бакытжанович

d.shamaev@atameken.kz

16

18 маусым

Көкшетау қ.

8 (7162) 722539 (ішкі 1109) 722488 (ішкі 1116) 

Байканурова Жанна Айдосовна 

zh.baikanurova@atameken.kz

17

19 маусым

Петропавловск қ.

8 (7152) 50 35 87 (ішкі 5923),

Мамыкин Евгений Владимирович

y.mamykin@atameken.kz

 

Анықтама: 22.05.№2019 бойынша www.altynsapa.kz сайтында "Алтын сапа" байқауына өтінім қалдырушылардың саны - 85, "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауына өтінім қалдырушылар саны - 129.

Дата создания: 22 мамыр 2019

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер