You are here

Алматының үздік компаниялары марапатталды

Қала басшысы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздарын құттықтады

Алматыда жылдың маңызды оқиғаларының бірі – «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды. Салтанатты марапаттау рəсіміне Алматы әкімі Бауыржан Байбек және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қатысты.

«Қазақстанның үздік тауары» сыйлығы – кәсіпорын қызметіне берілетін жоғары баға, сенім артуға тұрарлық өзіндік сапа белгісі. Міне, бүгін осы залда мықтылардың мықтылары, өнеркәсіп көшбасшылары және Қазақстандағы  бизнес-элита қатарынан саналатын компаниялар жиналып отыр. Сіздерге Астанада өтетін  республикалық байқауда шынайы жеңіс және де бизнестеріңізге сәттілік тілеймін», – деді Алматы әкімі өз сөзінде.

«2016 жылы үздік өндіруші атану үшін күрескендер аз болған жоқ. Байқауға қатысуға 83 алматылық компания өтініш білдірді. Олардың ішінде жартысы, анығырақ айтсақ, 44 компания шағын бизнес саласында жұмыс жасайды. Олар өнеркәсіптің түрлі саласында: машина құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ, жеңіл және фармацевтикалық өнеркәсіптері бойынша қызмет етеді», – деп мәлімдеді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумуратов өзінің алғысөзінде.

Байқаудың негізгі қызықты тұсы – жеңімпаздар санының 9 емес, 10 болуы. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша үшінші орынды «Алматы лифт» ЖШС және «Қазмет Алматы» ЖШС бөлісті. Барлық 10 компания да байқаудың ақтық сынында Алматының атынан шығатын болады.

Сонымен, «Қазақстанның үздік тауары-2016» Алматы өңірлік байқауында  келесі компаниялар жеңіске жетті. Үшінші дəрежедегі дипломдарға «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Алматы лифт» ЖШС және «Қазмет Алматы» ЖШС, «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымында «Аврора Өндірістік кешен» ЖШС, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша – «Нәзік және К» ЖШС қол жеткізді. Екінші дəрежедегі дипломдарға «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Келет» АҚ, «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» бойынша – «Досфарм» ЖШС, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша – «ЦинКаз» ЖШС ие болды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында бірінші орынға отандық аспап шығару саласының көшбасшысы – «Сайман Корпорация» ЖШС лайық деп табылды. Ол электресептеуіштер, трансформаторлар және қазіргі заманға сай электр шамдарын шығарады. Компания басым бөлігі ғылыми-зерттеу жұмыстарының патенттелген авторларынан тұратын білікті қызметкерлерін мақтан тұтады.

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша бірінші дәрежелі құрметті дипломмен «Евразиан Фудс Корпорэйшн» марапатталды. Сапа жағынан көптеген марапаттарға ие болған алматылық «Евразиан Фудс Корпорэйшн» компаниясы май, маргарин, майонез, соус және дәмдеуіштер секілді азық-түлік түрлерін шығарады. Кәсіпорын қаланың ең көне кәсіпорны – «Алматы маргарин зауыты» базасында жұмыс істейді. Бүгінде компания Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шетелдерді де азық-түлікпен қамтамасыз етуде. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бірінші дәрежелі дипломды  «Семирамида Тігін фирмасы» ЖШС иемденді. Қазақстандағы көне кәсіпорындар қатарындағы кəсіпорын ерлер мен әйелдер сырт  киімі, балалар киімі, униформалар тігеді. Өңірлік байқау-көрмесінің барлық қатысушылары Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты іс-шара қазақ эстрада жұлдыздары қатысқан концерттік бағдарламаға және отандық дизайнерлердің сән қойылымына ұласты.

Еске сала кетейік,  «Қазақстанның үздік тауары» республикалық  байқау-көрмесі ең алғаш 2006 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілген болатын. Содан бері, міне 10 жыл қатарынан, қазақстандықтар жыл сайын отандық өндірістің ең үздік брендін таңдап келеді.

Ұйымдастырушылар «Адиант медиа групп» гүл компаниясына, сондай-ақ «Aigulline» ЖШС-на және директоры Айгүл Жансеріковаға арнайы алғысын білдіреді. Бүгінгі күні «Aigulline» шығаратын киіз бұйымдары қазақ халқының рухани мәдениеті мен ежелгі дәстүрлерін жаңғыртып отыр. Компания бірнеше мәрте халықаралық және ұлттық жәрмеңкелерде, қолөнер көрмелерінде Қазақстанның намысын қорғаған (Германия, Франция, Испания, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей). «Aigulline» өнімдері киізден жасалған айрықша бұйымдар аса бағаланатын ортада танымал. Жүргізуші мен модель қыздарға киім ұсынған – астаналық «Самидель» компаниясы болды.  Бұл компанияның өнімдері бүгінде барлық өңірлерде ұсынылған. «Самидель» – бұл ұлттық нақыштағы нәзік перфорацияны алғаш рет қолданған компания ретінде белгілі.

Дата создания: 18 тамыз 2016

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер