You are here

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙДЫ

27 шілде күні Kostanay Plaza сауда–ойын-сауық орталығында (Гагарин к. 193) «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік-көрме байқауы өтеді. Іс-шара Қостанай қаласының әкімі Архимед Мұхамбетовтың жетекшілігімен өтпек.

 Байқауға қатысуға 29 жергілікті өндіруші компания өтінім берді.  Өңірлік көрме-байқау үш атылым: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары» бойынша өтеді. Үш аталым бойынша анықталған 9 жеңімпаз Астанада өтетін республикалық байқауға қатысады.

«Үздік азық-түлік тауары» аталымына «Аква Арасан» ЖШС (алкогольсіз сусындар өндірісі), «Каменск-Уральск» ЖШС (қымыз өндіру), «Арна» макорон өнімдері цехы, «Искра» шаруа қожалығы (картоп өсіру), «Наталья Ержанова» жеке кәсіпкерлігі (ірімшік өндірісі) және т.б. компаниялар қатысады.

«Халыққа арналған үздік тауар» аталымына басқа компанияларымен бірге алғашқы рет «Содалит» зергерлік компаниясы қатыспақ.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымына «Сарыарка Автопром» ЖШС (автокөлік өндірісі), «МедиДез» ЖШС (зарарсыздандыру заттарын өндіру), «Гермес 4» ЖШС (жем-шөп өндірісі) қатысады.

  Негізгі аталымдардан бөлек, қосымша 3 аталым қарастырылған.

 Өтетін күні мен орны: 27 шілде, сағат: 10:00, Қостанай қаласы, Kostanay Plaza ОСО, Гагарин к., 193

Дата создания: 26 шілде 2018

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер