You are here
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
9 жеңімпаз арасынан 1-орынды шағын кәсіпорын иеленді
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының 144 қатысушысы арасынан жүзден жүйрігі анықталған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Дәстүрлі түрде байқау жеңімпаздары үш аталым бойынша анықталады:
- «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»
- «Халыққа арналған үздік тауарлар»
- «Ең үздік өндірістік тауарлар»
Аталымдар бойынша «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және I, II, III дәрежелі дипломдарымен «Kazlogistics» Қазақстан көлік қызметкерлер одағы Төралқа төрағасының орынбасары Юлий Лавриненко мен «Джефф Тейлор» тігін үйінің иесі Гаухар Үтелбаева марапаттады. Кәсіпорындар байқау белгісін 4 жыл қатарынан жарнамалық мақсатта пайдалана алады.
Іс-шараның басты мақсаты – ел нарығын сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті өніммен толтыру, отандық және халықаралық стандарттар негізіндегі сапамен қамтамасыз ету. Байқауды 2015 жылдан бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді.
«ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ТАУАР»
1-орынды «Құдайбергенов» ЖК иеленді. Жиһаз фабрикасы ел бойынша аналогі жоқ тәсілмен орындықтар дайындаумен аналысатын Қазақстан бойынша жалғыз кәсіпорын. Компания Түркістан маңындағы Шонақ ауылында орналасып, жиһаз жасау нарығында 10 жылдан астам қызмет көрсетіп келеді.
2-орын – «МПЗ БИЖАН» ЖШС. 1998 жылы құрылған ет пен шұжық өнімдерін өндірісімен айналысатын кәсіпорын қазіргі таңда 80-ге жуық өнім түрін ұсынады.
3-орын «Zhamal-ai LTD» ЖШС алды. Кәсіпорын 20 жылдан астам кәсіби киім және аяқ киім шығарумен айналысады.
«ӨНДІРІСТІК МАҚСАТТАҒЫ ҮЗДІК ТАУАР»
1-орын – «S.M.F.-System» Тоқыма емес материалдар фабрикасы» ЖШС иеленді. Кәсіпорын Қостанай қаласында 2010 жылы құрылды. Тауарды дайындау барысында 80% отандық өнім қолданылады.
2-орын – «Силумин-Восток» АҚ – Шығыс Қазақстан обылысында 1996 жылы құрылды. Машина жасау кешені бар ірі инжинирингтік компания.
3-орын – «Енки» ЖШС. Керамикалық қаптама кәрпәш өндіретін зауыт. Өнеркәсіптік қуаты жылына 60 млн дана кірпіш.
«ҮЗДІК АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАР»
1-орын – «Эмиль» ЖШС. Шығыс Қазақстандағы ірі сүт және сүт өнімдерін өндіру мен өңдеу кәсіпорыны. 1993 жылы құрылған кәсіпорын Қазақстан нарығында 22 жыл қызмет көрсетуде.
2- орын – «Имени Амангелды» ЖК. Атырау қаласында балық және балық өнімдерін шығаруға маманданған кәсіпорын.
3-орынмен «Нұржанар» Акционерлік Қоғамы марапатталды. Бастыс Қазақстандық компанияның директоры Руслан Ахметовқа диплом табысталды.
Еске салсақ, Елімізде Индустриализация күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған «Парыз–2017» байқауының марапаттау салтанаты өтеді. Дәстүрлі шара биыл «Expo конгресс-орталығында» ұйымдастырылды.
Дата создания: 08 желтоқсан 2017