You are here

«АТАМЕКЕН» ОҚУ СЕМИНАРЛАРЫН ӨТКІЗЕДІ

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурстың (бұдан әрі – Конкурстар) ұйымдастырушысы ретінде конкурсқа қатысушылар үшін оқыту семинарларының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Семинар конкурс материалдарын дайындау бойынша конкурстарға қатысушыларға кеңес беру мен әдістемелік көмек көрсетуді, конкурстардың өткізілу тәртібі мен Ережелерін түсіндіруді, сапа саласындағы халықаралық конкурстармен таныстыруды көздейді.

«Атамекен» ҚР ҰКП ниет білдіруші барлық шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілер өкілдерін семинарға қатысуға шақырады.

Семинарлар Кестеге сәйкес ағымдығы жылдың 15-мамыры мен 15-маусымы аралығында Астана, Алматы қалалары және 14 облыстағы өңірлік кәсіпкерлер палаталарында өткізіледі.

Семинарларға қатысу үшін өтінімдерді міндетті түрде Кестеде көрсетілген байланыстар бойынша, өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жіберу қажет.

Қосымша ақпараттар бойынша байланыс телефоны:

8 7172 919 300 (ішкі 1838)

2018 жылғы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсы мен 

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының өлшемшарттары бойынша өткізілу тәртібі және бағалау әдістемесі» тақырыбы бойынша оқыту семинарларының өткізілу 

кестесі

 

р/р

Іс-шара атауы

Өткізілу уақыты

Өткізілу орны, аудитория (конкурсқа қатысушылар, ҰКП, ӨКП жанындағы 

Сараптамалық топтар)

Семинарға тіркелу үшін ӨКП байланыстары

1

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсы мен 

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының өлшемшарттары бойынша өткізілу тәртібі және бағалау әдістемесі» тақырыбы бойынша оқыту семинарлары(курсты өткені туралы сертификат табысталатын типтік бағдарламалар бойынша)

1

15-мамыр

Астана қ.

8 (7172) 919083 (ішкі 7107)

2

17-мамыр

Қарағанды қ.

8 (7212) 503640 (ішкі 3533)

3

22-мамыр

Өскемен қ.

8 (7232) 702954 (ішкі 6303)

4

25-мамыр

Ақтөбе қ.

8 (7132) 744607 (ішкі 1526)

5

25-мамыр

Алматы қ.

8 (7272) 251830 (ішкі 7525)

6

28-мамыр

Орал қ.

8 (7112) 243075 (ішкі 2724)

7

29-мамыр

Талдықорған қ.

8 (7282) 401027 (ішкі 1609)

8

31-мамыр

Қостанай қ.

8 (7142) 394208 (ішкі 3911)

9

31-мамыр

Тараз қ.

8 (7262) 555 913 (ішкі 3114)

10

1-маусым

Шымкент қ.

8 (7252) 394991 (ішкі 5103, 5104)

11

5-маусым

Павлодар қ.

8 (7182) 660311 (ішкі 5552)

12

5-маусым

Қызылорда қ.

8 (7242) 400 981 (ішкі 4311)

13

13-маусым

Атырау қ.

8 (7122) 763664 (ішкі 2306)

14

13-маусым

Көкшетау қ.

8 (7162) 7222539 (ішкі 1109)

15

14-маусым

Петропавловск қ.

8 (7152) 503587 (ішкі 5923)

16

15-маусым

Ақтау қ.

8 (7292) 302828 (ішкі 4710)

 

Дата создания: 25 сәуір 2018

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер