You are here

«АТАМЕКЕН» «АЛТЫН САПА» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫН БАСТАЙДЫ

Құрметті кәсіпкерлер!

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын ұйымдастырушы ретінде конкурстарға қатысушылар үшін оқыту семинарларын өтетіндігін хабарлайды.

 

Семинар конкурс қатысушыларына конкурстық материалдарды, оның ішінде конкурс критерийлері бойынша дайындау, конкурстарды өткізу тәртібі мен ережелерін түсіндіру, сапа саласындағы халықаралық конкурстармен танысу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді көздейді.

 

«Атамекен» ҚР ҰКП семинарға қатысуға шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін шақырады. Аltynsapa.kz сайтында «Оқыту» бөлімінде конкурстар бойынша бейнесабақтар жарияланған. Семинар тақырыбын тиімді меңгеру үшін барлық бейнесабақтарды қарауларыңызды ұсынамыз.

 

Семинарлар кестеге сәйкес 14 облыста және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары базасында өткізілетін болады.

 

 

Семинарға қатысуға өтінімдерді өңірлік кәсіпкерлер палаталарына сайтта көрсетілген байланыстар бойынша беру қажет.

 

Қосымша ақпарат алу үшін 87172 919388 (ішкі.1931).

Дата создания: 15 мамыр 2022

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер