You are here

«АЛТЫН САПА-2018» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы жылы үздік кәсіпорын атағы үшін шағын, орта және ірі бизнестің 182 үміткері сайысқа түсті. Лауреаттар төрт номинация бойынша анықталды: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын».

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын Сапа-2018» сыйлығының лауреаттары:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі-«СемАз» ЖШС бас директоры Әсемқан Досқожанов (Шығыс Қазақстан облысы),
  • Орта кәсіпкерлік субъектісі – «ALUGAL» ЖШС негізін қалаушы Фатих Узуноглу (Алматы облысы),
  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі-«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС директоры Валерий Крылов (Батыс Қазақстан облысы).

«Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі: «Радуга» ЖШС бас директоры Дмитрий Шарапаев (Солтүстік Қазақстан облысы)
  • Орта кәсіпкерлік субъектісі: «Бал Текстиль» ЖШС директоры Талғат Ысқақов (Түркістан облысы)
  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі: «Novacom Technology» ЖШС атқарушы директоры Марсель Абдраманов (Жамбыл облысы)

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі: «МЫРЗА-ХАН» ЖШС бас директоры Ерлан Сүлейменов (Астана қ.)
  • Орта кәсіпкерлік субъектісі: «Теміржол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС  директоры Айдар Нығметов (Астана қ.)
  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі: «БиКаДа» ЖШС бас директоры Асқар Бибаев (Маңғыстау облысы)

«Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын»:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі: «Рыбпром» ЖШС  даму кеңесінің төрағасы Сұңғат Батырбеков (Алматы облысы)
  • Орта кәсіпкерлік субъектісі: «БИЖАН» ет өңдеу кешені» ЖШС бас директоры Хадиша Бижан (Алматы қ.)
  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі: «Гормолзавод» ЖШС директоры Асен Жақсылықов (Ақмола облысы).

 

Дата создания: 13 желтоқсан 2018

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер