You are here

«Алтын сапа»: Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлеріне түсіндірілді

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне бұл туралы «Атамекен» ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова түсіндірді. ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу тәртібі мен ережелері жайлы түсіндірген оқыту семинары өткізілді. Байқауға қатысуға ниет білдірген 20 компанияның өкілдері қатысты. Семинар тыңдаушылары материалдарды ресімдеу, есептерді дайындау талаптарымен, қатысу ережесімен таныстырды.

Салтанат Әбдікәрімованың айтуынша, «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін өнім өндіретін және қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Алайда, өндіріс ауқымы жеткіліксіз, инновация, ресурс үнемдеу, даму стратегиясы, қоршаған ортаны қорғау шаралары, әлеуметтік жауапкершілік және т.б. көрсеткіштердің маңызы зор.

Байқауға қатысуға ниет білдіргендер 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін рәсімдеу талабына сай дайындалған өтінімдер мен материалдарды, байқауға қатысушылардың материалдарына алдын-ала бағалауды өткізу керек. Материалдарды рәсімдеу тәртібі altynsapa.kz сайтында жарияланған.

«Байқауды өткізу процедурасындағы негізгі принциптер сақталған, бірақ биыл қатысушыларға ыңғайлы, тиімді әрі қолжетімді болады. Жаңалық та енгізілді: байқау өтініші мен құжаттарын беру, байқау материалдарына сарапшы бағасын беру онлайн режимде жүзеге асырылады», ­­– деп түсіндірді С.Әбдікәрімова.
«Атамекен» өкілінің айтуынша, altynsapa.kz сайты 1 мамырдан бастап өтінім қабылдайды, ал 1 маусымнан бастап қатысушылар сайттағы жеке кабинеттерін ашып, онлайн-есеп бере алады. Бұрынғыдай қағазға басып шығарып, алып келудің қажеті жоқ.

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше кәсіпорындары «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» сыйлықтарының бірнеше аталымын иеленді. Қазақстандық байқаудың жеңімпаздары ТМД елдері арасындағы өнім мен қызмет көрсету сапасына арналған байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ол байқау екі жылда бір рет өткізіледі. Былтырғы жылдың 3 жеңімпазы сол байқауға қатысуға ниет білдірді. Оның ішіндегі екеуі Оңтүстік Қазақстан облысынан – «Karlskrona LC AB» мен «Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестері. Салтанат Әбдікәрімова бұл байқау ақыылы, орташа есеппен 2000 еуро керек екенін атап өтті. Қатысушы-компания міндетті жарнадан бөлек, срапшылардың жолақысы мен жатын орнын төлеуге міндетті, сондай-ақ байқау аясында кәсіпорынды, тиісті құжаттарды таныстыруы керек.

«Сапа саласындағы байқаулар жеңімпаздарға имидж көшбасшысы етіп, сапасы жоғары, бәсекелік қабілеті жоғары өнім шығаратын, қызмет көрсететін өндіруші ретінде қалыптастырып, жаңа серіктестер мен тапсырыс берушілердің легін арттыруға, нарықтағы үлесін айтарлықтай арттыруға, табысын молайтып, іскерлік әлемде жаңа бағыттарды ашуға септігін тигізеді. Сондықтан да қоғамға өз кәсіпорындарыңыздың – мықты, шығарылатын өнімнің сапалы әрі қауіпсіз екенін дәлелдеу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар», ­– деді спикер.
Іс-шара аяқталғаннан кейін семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Дата создания: 02 мамыр 2017

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер