You are here
«АБДИ ИБРАХИМ ГЛОБАЛ ФАРМ» - АДАМ ӨМІРІНІҢ АРАШАСЫ
Кәсіпорын ондаған ауруға шипа болатын 100-ден аса дәрі-дәрмек шығарады
«Abdi Іbrahim» – фармацевтика секторында жүз жылғы тәжірибесі бар Түркиядағы фармацевтикалық нарықтың көшбасшысы. «Lancaster Group» компаниялар тобына кіретін, 2000 жылы құрылған «СП Глобал Фарм» ЖШС – дәрілік заттардың толық өндірісіне ие Қазақстанның фармацевтикалық саласындағы ірі компания. Зауыт жоғары сапалы таблетка және капсула пішіндегі дәрілік заттарды өндіреді.
2012 жылдың 10 қазанында Стамбул қаласында бизнес-форумды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның Премьер-министрі Реджеп Таип Эрдоганның қатысуымен зауыттың құрылысына инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Жоба 2010-2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту бағдарламасына, Индустриализациялау картасына, 2010–2014 жылға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына еніп, мемлекеттік қолдауға ие болды.
Үкімет «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы несиелеуге көмектесті. Сонымен қатар Алматы облысының әкімдігі шағын және орта бизнесті субсидиялау аймақтық бағдарламасының мәселелері бойынша қолдау көрсетті.
Қазақстанда GMP өндірісінің әлемдік стандартына сәйкес келетін жаңа фармацевтикалық зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру аясында «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС компаниясы құрылды.
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға, олардың өмір сүру сапасын арттыруға белсенді түрде ықпал етіп келеді. «Абди Ибрахим Глобал Фарм» (AIGP) ЖШС өнімдерді Әзербайжанға, Өзбекстанға, Ауғаныстанға және Грузияға экспортқа шығарады. Компания «СК Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторымен жүргізілетін дәрілік заттарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуларға, сонымен қатар амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрілік заттарды сатып алу бойынша тендерлерге қатысады. «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС жүзден астам препараттарды өндіреді, олар қант диабетін, түберкулезді, АИТЖ, кардиологиялық, психо-неврологиялық, гастро-энтерологиялық, гинекологиялық, эндокриндік және басқа да ауруларды емдеу және профилактикасы үшін кеңінен қолданылады.
Дата создания: 22 мамыр 2018