АСТАНАДА 2025 ЖЫЛҒЫ «ІСКЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында «Іскер» сыйлығының иегерлері де марапатталды.

«Іскер» сыйлығы Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысқан, қызметінде айтарлықтай жетістіктерге жеткен, өнім сапасын үнемі жетілдіріп, жаңашылдық енгізіп жүрген компанияларға беріледі.

Сыйлық әртүрлі санаттарды қамтиды және өз саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, инновациялық шешімдер енгізген, бизнесті табысты дамытқан, жұмыс орындарын құруға және ел экономикасын дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлерге табысталады.

Мұндай деңгейдегі марапаттар кәсіпкерлікті қолдауда, оның беделін арттыруда және Қазақстанда қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

2025 жылы «Іскер» арнайы сыйлығына 11 компания ие болды:

«Gefest Solution Qazaqstan» ЖШС (Маңғыстау облысы), құрылтайшысы – Донченко Артем Викторович.

Компания өрт сөндіру қондырғыларын өндіреді. Негізгі жаңалығы – Қазақстан мен Ресейде патенттелген, аналогтары жоқ, 5 микроннан аз дисперстіліктегі аэротозаушы ұнтақ. АЗ «ССГПО» объектілерінде сынақтан сәтті өткен, өртену 2 секундтан аз уақытта локализацияланады.

«Renaissance Shik» ЖШС (Шымкент қ.), құрылтайшысы – Карпов Игорь Анатольевич.

Компания мұнай-газ саласында коррозияға қарсы электрохимиялық қорғаныс жабдықтарын толық спектрде өндіреді.

«QazTehna» ЖШС (Қарағанды облысы), құрылтайшысы – Цой Александр Ревмирович.

Қазақстандағы автобустар мен коммерциялық техника өндірушісі, ауыл шаруашылығы техникасын, соның ішінде түрлі модификациядағы тракторларды шығарады.

«М-СтройТранс» ЖШС (Маңғыстау облысы), құрылтайшысы – Алапанов Бекзат Нысанұлы.

Компания құрылыс-монтаж жұмыстарын атқарады, іргетас құрылысын жүргізеді.

«ФитОлеум» ЖШС (Алматы қ.), құрылтайшысы – Сермухамедова Ольга Владимировна.

Фармацевтикалық препараттар өндіреді. Негізгі өнімдер: қызыл май, полифит май, қызыл маймен және прополиспен суппозиторийлер.

«Ақниет Holding» қоғамдық бірлестігі (Мүгедектер қоғамы) (Түркістан облысы), құрылтайшысы – Бактыкерей Омар Асенұлы.

Трансформаторлық жабдықтар өндірісі: қуат трансформаторлары, автотрансформаторлар, реакторлар.

«Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС (Маңғыстау облысы), құрылтайшысы – Донских Дмитрий Александрович.

Компания кемелер, платформалар және жүзетін конструкцияларды салу, қайта құру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады.

«Teplostil» ЖШС (Алматы қ.), құрылтайшысы – Қалимулдиев Ержан Ибрагимұлы.

Фиброцемент плиталары мен декоративті жылу оқшаулағыш фасад элементтерін өндіреді, патенттелген технология мен бірегей жабдықтар бойынша. 2023 жылы шығынды азайту және қазақстандық құрамды арттыру үшін пенопласт шығару желісі іске қосылды.

«Фирма БЕНТ» ЖШС (Алматы облысы), құрылтайшысы – Кузиев Динмухамед Дильмуратович.

Еуропалық стандарттар бойынша автоклавтық газоблоктар мен рельстік бекітпелері бар темір-бетон шпалдарын шығарады. Қазақстанда рельстік бекітпелермен толық комплектідегі шпал өндірушісі.

«Dar Rail» ЖШС (Астана қ.), құрылтайшысы – Дүйсенов Ринат Тасболатұлы.

Компания теміржол арқылы жүк тасымалдау қызметін ұсынады: жүк жеткізу, локомотивтік тарту беру, тасымалдау процесіне қатысушыларға қызмет көрсету, вагон дайындау және кассалық қызметтер.

«ДСК Приоритет» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы), құрылтайшысы – Кенжина Жанна Тажгулқызы.

Автомобиль жолдары мен автомагистральдарды салу, жөндеу және қызмет көрсету бойынша құрылыс компаниясы. Өз асфальтобетон зауыты мен топырақ араластырғыш блогы бар, бұл құрылыс сапасын барлық кезеңде бақылауға мүмкіндік береді.