«Алтын сапа» сыйлығы туралы

altyn-sapa

2006 жылғы 9 қазандағы №194 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын байқау негізінде тауарлар мен/немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы елеулі жетістіктері үшін, сондай-ақ сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін ұйымдарға табысталады. 

Өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын табыстау — жылдың маңызды оқиғаларының бірі болып табылады. Сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті өзі табыстайды, бұл байқаудың ел үшін айрықша маңызға ие екенін көрсетеді.