«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломант атағы
Бұл атақ жоғары сапалы, инновациялық, бәсекеге қабілетті және заманауи нарық талаптарына сай келетін өнімдері бар компанияларға беріледі. Байқау отандық тауарларды насихаттау, олардың сапасын арттыру, өндірушілер мен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өткізіледі.
Жеңімпаздар мен дипломанттар өз жетістіктерін республикалық деңгейде көрсетуге мүмкіндік алады, сондай-ақ брендтің беделін көтеріп, тұтынушылар сенімін нығайтады.
«Қазақстанның үздік тауары» байқауын (ҚҮТ) жүзеге асыру механизмі:
- Онлайн өтінім беру – www.altynsapa.kz сайтында;
- Өтінімдерді қалыптастыру;
- Өнімдерді ӨКП жанындағы сараптамалық топпен бағалау;
- Жергілікті бюджет есебінен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауын өткізу;
- Әр өңірден 9 жеңімпазды анықтау (барлығы 180 компания);
- Республикалық онлайн көрме-байқауға 180 жеңімпаз қатысады;
- Өнімдер мен қызметтерді ҰКП сарапшылары бағалайды;
- 9 номинация бойынша 3 финалисттен таңдау (27 финалист);
- 27 финалистің материалдары мен сараптамалық қорытындылары ПӘ комиссиясына жіберіледі;
- Әр номинация бойынша 1 дипломант анықталады;
- Жеңімпаздарды барлық БАҚ-та жариялау;