Ұлы дала елі

«Ұлы дала елі» зонтиктік брендін пайдалану құқығына байқау – Қазақстанды бай тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері бар ел ретінде таныстыруға, сондай-ақ отандық өндіріс пен брендтерді ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі. Бұл байқау компанияларға, өндірушілерге және ұйымдарға өз өнімдері мен қызметтерін ұлттық мұраның бір бөлігі ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл байқау қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық имиджді нығайтуға және отандық тауарларды халықаралық нарықта насихаттауға бағытталған маңызды құрал болып табылады.

Іске асыру механизмі:

  • Байқаудың басталғаны туралы хабарландыру 20 шілдеде НҚП интернет-ресурстарында жарияланады;
  • Байқауға қатысқысы келетіндер www.ulydalaeli.kz сайтында 1 қыркүйекке дейін өтінім береді;
  • 20 қыркүйекке дейін өтінімдер қаралып, байқауға қатысуға рұқсат беріледі;
  • Байқау барысында жеңімпаз болуға үміткер 12 кәсіпорынға іссапарлар ұйымдастырылады (іссапар шығындарын үміткерлер өздері өтейді);
  • 6 үміткер көпшілік дауыс беруге шығарылады;
  • «Алтын сапа» сапа саласындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты аясында «Ұлы дала елі» брендінің 3 жеңімпазы марапатталады.