You are here
«АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫ. Өтінімдерді қабылдау басталды

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Сыйлық конкурсқа қатысушылардың өнім мен қызмет сапасы саласындағы елеулі жетістіктері, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ сапаны басқарудың тиімді жүйелерін енгізгені үшін беріледі.
Қазақстан аумағында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (қару-жарақ пен әскери техника өндірушілерді қоспағанда) қатысуға шақырылады.
Сыйлық шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт номинация бойынша беріледі:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
2) «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;
3) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
4) «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».
Байқауда «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары қарастырылған.
Байқауға қалай қатысуға болады?
1-қадам. 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін www.altynsapa.kz сайтына не жергілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтініш беру қажет.
Өтінімдердің нысандары, оған сауалнама Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларында қоса берілген.
2-қадам. Сауалнама-декларацияны толтыру (Ереженің 2-қосымшасы).
3-қадам. Конкурсқа қатысушының есебін қалыптастыру:
Конкурсқа қатысушының қысқаша шолуы:
Шолу көлемі A4 форматындағы 6 парақтан аспауы керек екенін ескеріңіз!
4-қадам. Сапа саласындағы конкурсқа, байқауға қатысушының қызметін өзін-өзі бағалау бойынша сауалнаманы Әдістемелік ұсынымдардың 3-қосымшасына сәйкес толтыру (www.altynsapa.kz сайтында қолжетімді).
5-қадам. Құжаттар пакетіне қосымша:
Лауреаттарды таңдау
Бұдан әрі «Атамекен» ҰКП сараптамалық тобы өтінімдер тізілімін қалыптастырады және қатысушыларды бағалауды бастайды.
40 финалист анықталғаннан кейін сарапшылар кәсіпорындарға көшпелі бағалау жүргізеді. Барлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Комиссия номинациялар мен санаттар бойынша
14 лауреатты таңдайды.
Сілтеме бойынша өтінім беру https://cabinet.altynsapa.kz/competition/
Дата создания: 28 ақпан 2025