You are here

«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары»конкурстары бойынша қашықтықтан оқыту семинарын өткізу бойынша

Жылсайын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы шеңберінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес еліміздің әр өңірінде конкурстардың әлеуетті қатысушылары үшін оқыту семинарларын өткізеді.

Сондай-ақ оқыту семинарларын қашықтықтан өткізу туралы шешім қабылданды.

Ол үшін 24 онлайн сабақ дайындалды, олар жалпы бір оқыту семинарын құрайды.

Бейнесабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған. Олар altynsapa.kz сайтында жарияланады.

Конкурстың әлеуетті қатысушыларына олар қатысқысы келген конкурс бойынша барлық бейнесабақтарды кезектілік тәртібімен қарауды сұраймыз. Сұрақтар туындаған жағдайда+7 775 584 05 38 байланыс нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады.

 

Елімізде жарияланған карантиндік іс-шараларға байланысты 2020 жылы«Қазақстанның үздік тауары» конкурсы өткізілмейді!!!

Бейнесабақтар келесі тақырыптарды қамтиды: ҚР Президентінің конкурстарды өткізу тәртібі туралы Жарлығы; ҚР Үкіметінің конкурстарға құжаттарды ресімдеу ережесі туралы қаулысы; Комиссия туралы ереже және Комиссия құрамы, Сапа саласындағы ұлттық және халықаралық сыйлықтар, Еуропалық сапа сыйлығы (EFQM), Өнім мен қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығы; «Алтын сапа» байқауы бойынша конкурстық құжаттарды бағалау әдістемесін түсіндіру, «Алтын сапа» конкурсының тоғыз критерийінің мазмұнын түсіндіру, сайт жұмысын көрсету, конкурс; ҰКП-ның көрмелеріне және басқа да конкурстарына қатысу бойынша ұсыныстар.

 

Ескерту!

«Алтын сапа» байқауына өтінімді 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында тапсыру қажет. А.ж. 1 шілдесінен бастап өтінімдерді қабылдау тоқтатылады!

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы 2020 жылы өткізілмейді.

 

«Алтын сапа» байқауы

1. «Алтын сапа» байқауын өткізу ережесі

2. Комиссия туралы ереже және Комиссия құрамы

3. «Алтын сапа»байқауына құжаттарды ресімдеу ережесі

4. Сапа саласындағы ұлттық және халықаралық сыйлықтар

5. «Алтын сапа» сыйлығының моделі

6. «Көшбасшылық» критерийінің мазмұнын түсіндіру

7. «Стратегия» критерийінің мазмұнын түсіндіру

8. «Персонал» критерийінің мазмұнын түсіндіру

9. «Серіктестік және ресурстар» критерийінің мазмұнын түсіндіру

10. «Процестер, өнімдер және қызметтер» критерийінің мазмұнын түсіндіру

11. «Қызметкерлерге арналған нәтижелер» критерийінің мазмұнын түсіндіру

12. «Тұтынушыүшіннәтижелер» критерийінің мазмұнын түсіндіру

13. «Қоғамүшіннәтижелер» критерийінің мазмұнын түсіндіру

14. «Бизнеске арналған нәтижелер»критерийінің мазмұнын түсіндіру

15. «Алтын сапа» конкурсы бойынша конкурстық құжаттарды бағалау әдістемесін түсіндіру

16. Сайттың жұмысын көрсету, «Алтын сапа» байқауына өтінім мен құжаттарды онлайн-режимде қалай ресімдеу керек»

17. ҰКП жанындағы сараптамалық топтың құрамы және сараптамалық топ туралы ереже, сарапшылар тізілімі

 

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы

18. «Қазақстанның үздік тауары» конкурсын өткізу ережесі

Комиссия туралы ереже және Комиссия құрамы

19. «Қазақстанның үздік тауары»конкурсына құжаттарды ресімдеу ережесі

20. «Қазақстанның үздік тауары»конкурсы бойынша конкурстық құжаттарды бағалау әдістемесін түсіндіру»

21. Сайттың жұмысын көрсету, ҚҮТ конкурсына өтінім мен құжаттарды онлайн-режимде қалай ресімдеуге болады

22. Көрмелерге қатысу бойынша ұсыныстар (жадынама)

 

Басқа конкурстар

23. Сапа саласындағы ТМД конкурсы туралы ереже (тек «Алтын сапа» байқауының жеңімпаздары мен экспорттаушылар үшін)

24. «Ұлы Дала Елі» байқауының ережесі (экспорттаушылар үшін)

25. «Іскер» байқауының ережесі (көтермелеу сыйлығы)

Қазақ

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер