You are here
ЕЛОРДАДА ҮЗДІК ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Елордалық «Көрме» орталығында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтіп жатыр
Биыл көрмеге өндірістік мақсаттағы өнімдері, халыққа арналған тұрмыстық тауарлар және азық-түлік өнімерін шығаратын 153 компания қатысуда. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, жартылай дайын өнімдер, текстиль және киім, құрылыс материалдары, медициналық заттар, корпусты жиһаз және басқа да өнімдердің кең ауқымы қонақтар назарына ұсынылды.
Көрме-байқаумен бір мезгілде отандық қолөнер шеберлерін, сонымен қатар қолдаңбалы өнер саласындағы шетелдік сарапшылар, елшіліктер мен сауда-өнеркәсіп палаталары, отандық және шетелдік сауда желілерінің өкілдері, дистрибьютерлердің басын қосқан «Ұлы дала елі» форумы өтуде.
Форумның пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр құттықтау сөз сөйлейді.
«Отандық қолөнер шеберлері, Тәжікстан, Өзбекстан, Испания және Жаңа Зеландиядан келген қолөнер шеберлерін – дәстүрлі қыш шеберлерін, былғары шеберлерін, шыныны көркем құю шеберлеріне жалынды сәлем айтамын. Қолөнер – ұлттық мәдениеттің өзіндік ажырамас бөлігі және туризм индустриясының маңызды құрауышы, оны жаңа деңгейге көтеру қажет.
Сауықтыру туризмінің көрмесі жаңа серпін береді, сонымен қатар елімізде медициналық туризмнің дұрыс мақсаттары мен даму стратегиясын анықтайды. Осындай маңызды іс-шараларды бір мезгілде бір алаңда өткізу күштерді біріктіріп, синергетикалық нәтиже береді. Ал дұрыс және жүйелі әрекет ету арқылы көптеп жұмыс орындарын ашып, шағын бизнесті дамыту, өнімді тиімді экспорттауға болады», – деді вице-премьер.
Өз кезегінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов отандық экономика және бизнестің дамуы үшін қолөнер және кәсіпкерлік кооперациясының маңыздылығын атап өтті.
«Форум қатысушыларына, әсіресе қолөнер шеберлеріне қош келдіңіздер дегім келеді. Жылдан жылға форум, көрмелеріміздің ауқымы кеңейіп жатқанына қуаныштымын. Сіздер ұлттық қолөнер мен бизнесті біріктірдіңіздер – бұл мемлекет үшін маңызды аспект. Баршамызға отандық өнер мен ұлттық дәстүрлер жанымызға жақын, ал оларды жаңа форматта қалыптастыру арқылы өскелең ұрпаққа үлгі болып, жеке бизнестеріңізді дамыттыңыздар», – деді Абылай Мырзахметов.
Форум жұмысына сонымен қатар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, «KazakhTourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Еркебұлан Хасенов қатысты. Іс-шараның модераторы «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Басқарма Төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова болды.
Форум шеңберінде екі көрме өтті. Оның бірінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі әзірлемелері қойылса, жекелеген блокта сауықтыру және медициналық туризм өкілдері жиналды.
Қолөнер шеберлерінің көрмесі шеңберінде көрме қатысушыларына арнап тегін шеберлік сабақтары өткізілді. Сауықтыру туроператорлар көрмесінде отандық шипажайлар мен балшықпен емдеу орталықтары, пансиоттар мен минералды сулар маңындағы демалыс орындары, минералды және ас суын өндірушілер, үздік медициналық және оңалту орталықтары мен SPA қызметін көрсетушілер қонақтарды өз өнімдері және қызметтерімен таныстыруда.
Пленарлық бөлімнен бөлек екі күнге тақырыптық панельдік сессиялар және білім беру блоктары жоспарланған.
Спикерлер ретінде Қазақстан қолөнер шеберлері одағының төрайымы Айжан Бекқұлова, Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова, ҚР Ұлттық шипажай қауымдастығының президенті Саягүл Қайыргелдина, Қырғыз Республикасында «Бір Ауыл Бір Өнім» JICA жобасының Бас кеңесшісі Акихиса Харагучи, Өзбекстаннан келген дәстүрлі қыш шебері Әлішер Назіров, Жаңа Зеландиядан шыныны көркем құю шебері Лейла Уолтер, испандық былғары шебері Марго Сембреро, Дүниежүзілік банктің «Қазақстанда жеткізушілердің даму бағдарламасы» жобасының өкілі Гиорги Турдзеладзе сөз сөйлейді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары көрмелерге ертең, 12 қазанда бара алады.
Дата создания: 14 қазан 2019