
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына қабылданған бағалау критерийлері бойынша бірқатар оқыту семинарларын өткізуде.
Қазақстан Республикасының «Атамекен» Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына конкурс өткізу туралы» Жарлығын түсіндіру мақсатында конкурс критерийлері бойынша оқыту семинарларын өткізуді жоспарлап отыр. Семинарлар осы жылдың маусым айында облыстық өңірлік кәсіпкерлер палаталарының базасында (сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының палаталарында) өтеді.
Семинар форматы өз қызметін бағалауға ниет білдірген ұйымдарға кеңес беру мен әдістемелік көмек көрсетуді, конкурстарды өткізу тәртібі мен ережелерін түсіндіруді, Еуропалық Сапа Басқару Қорының (EFQM) моделін және басқа да аспектілерді оқып-үйренуді көздейді.
Оқыту «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына қатысушылардың материалдарын қарау және бағалау жөніндегі комиссияда тәжірибесі бар, менеджмент жүйесінің үздік сарапшы-аудиторлары тарапынан жүргізіледі.
Семинар мен конкурстарға шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін белсенді қатысуға шақырамыз.
Семинарлардың нақты өткізілу күндерін www.altynsapa.kz сайтынан қадағалаңыз.
Басқа сұрақтар бойынша өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе конкурстардың ұйымдастырушысына 8 (7172) 919 388 телефоны немесе m.mukatova@palata.kz электронды поштасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.