ӘЛИЯ ҚАЙЫРҚАБАЕВА: ««АЛТЫН САПА» ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫ – МОЙЫНДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ»
Алия Кайракбаева
Директор «НПО МедиДез»
Президенттік «Алтын Сапа» премиясы – бұл танылу жолындағы маңызды қадам деп сенемін.

Биыл Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты аясында Қостанай облысынан алғаш рет 6 кәсіпорын атап өтілді. Солардың бірі – «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаз атанған «МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС. Компания дезинфекциялық құралдар шығарады және Қазақстан нарығындағы жетекші жеткізушілердің бірі саналады. Бұл салада компанияға 10 жылға жуық уақыт болды.

«МедиДез» ҒӨБ директоры Әлия Қайырқабаева көрмеден алған әсерімен бөлісіп, мұндай беделді іс-шараларға қазақстандық кәсіпорындардың неге қатысуы маңызды екенін айтты:

– Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы – бұл мойындаудың маңызды қадамы деп сенемін. Биыл байқауға 221 компания өтінім берді – бұл лайықты бәсеке. Мұнда түрлі салалардағы үздік өкілдер таңдалып, олардың ел дамуы үшін маңыздылығы айқындалады, бұл жоғары сапа стандарттарына ұмтылуға ынталандырады. Сыйлық алу – кәсіби тұрғыда өсуге және әлеуетті іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады, – деді Әлия Қайырқабаева.

Айта кетейік, «МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС республикалық байқаулар мен сапа марапаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы атанған: «Ұлы Дала Елі» (2022 ж.), «Іскер» (2021 ж.), «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» (2018 ж.).

Бүгінде «МедиДез» ҒӨБ-нің дистрибьюторлық желісі тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де кеңейіп келеді. Кәсіпорын тұрақты түрде шеберлік сабақтары, конференциялар секілді оқыту шараларын өткізеді. Сонымен қатар эндоскопиялық мектеп ашылып, оның негізінде Қазақстан медициналық университеті «Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебімен» бірлесе отырып, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша практикалық тренингтер ұйымдастырылады.

2020 жылы компания «Ерікті қайырымдылық қоғамы» қоғамдық қорымен бірлесіп, тұрақты негізде қайырымдылық көмек көрсету туралы меморандумға қол қойды. Әр литр «Баладез® Ультра» және «Баладез® Ультра плюс» дезинфекциялық құралдарының сатылымынан 100 теңге көлеміндегі қаражат ай сайын Қор шотына аударылады. Бұл көмек сомасы жыл сайын өсіп келеді. Кәсіпорын облыстың және елдің қоғамдық, мәдени өміріне белсене қатысады.

Әлия Қайырқабаева «Алтын сапа» сыйлығы арқылы ел жаңа қаһармандарын тауып, олардың жетістіктері Қазақстанды даму мен өркендеудің жаңа биіктеріне жетелейді деп сенеді.