ХБК «Аксай» — Адамдарға деген махаббатпен!

«Алтын сапа» – елдің ең маңызды әрі беделді байқауының мерейтойлық жылында, «Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ең үздік кәсіпорын» номинациясында, ірі кәсіпкерлік субъектілері санатында «Аксай» Нан-тоқаш комбинаты ЖШС жеңімпаздың алтын мүсіншесіне ие болды. Бүгінде «Аксай» НТК ЖШС өз саласында Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Ежелгі заманнан бері нан – береке мен молшылықтың белгісі саналған. Қазіргі күнге дейін ең қымбатты қонақты «нан мен тұзбен» қарсы алу дәстүрі сақталған. Нан – әлем халықтарының тағам мәдениетінде ерекше орынға ие.

«Аксай нан» комбинатының ассортиментінде 280-нен астам өнім түрі бар.

«Аксай» НТК ЖШС 1987 жылы құрылған. Одан бері 30 жылдан астам уақыт бойы кәсіпорын әрбір шаңырақтың дастарханында ең басты өнім – нан болуына атсалысып келеді.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында он фирмалық «Аксай нан» дүкені жұмыс істейді. 2021 жылға қарай Алматы қаласында кемінде тағы төрт дүкеннің ашылуы жоспарланған. Көпжылдық тарихында «Аксай нан» сауда белгісі көптеген марапаттар мен медальдарға ие болып, оңтүстік астананың және Көкшетау қаласының тұрғындарының құрметі мен сеніміне ие болды. Қазіргі уақытта «Аксай нан» өнімі Көкшетау қаласында да жоғары сұранысқа ие, онда кәсіпорынның филиалы табысты жұмыс істеуде.

Кәсіпорын тәулігіне орта есеппен 150 тонна өнім шығарады. Комбинат 1300-ден астам адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр.

Карантин кезеңінде комбинат бір сәтке де жұмысын тоқтатқан жоқ.

«Аксай» НТК ЖШС мемлекеттік және әлеуметтік бағдарламаларға белсене қатысып, қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады. Кәсіпорын қайырымдылық жобаларға ерекше көңіл бөледі, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Жыл сайын ардагерлерге, қарттарға және балаларға арналған қайырымдылық акциялар өткізіледі. Қызметкерлер қайырымдылық жүгіру марафондарына белсенді қатысады. Бірде-бір мейрам әлеуметтік әлжуаз топтардың қатысуынсыз өтпейді.

2020 жылдың наурыз айында Алматы қаласында енгізілген карантин кезеңінде жүргізілген жұмыстар үшін кәсіпорын басшылығына ерекше алғыс білдіреміз. Кәсіпорын негізгі өндіріс қызметкерлерін, жүргізушілерді, сауда қызметкерлерін және басқа бөлімдерді жұмылдырып, 350-ден астам басқа қаладан келген жұмысшыларды Алматы қаласындағы жатақханаларға орналастырды. Оларды күніне үш рет ыстық тамақпен, гигиеналық құралдармен, төсек-жабдықтарымен, антисептиктермен, медициналық қызметпен және арнайы автобустармен жұмысқа жеткізіп отырды. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы блок-бекеттерде қызмет еткен тұлғаларға тегін «Аксай нан» өнімі жеткізілді. Кадр тапшылығы мен қаржылай шығындарға қарамастан, кәсіпорынның үздіксіз жұмысы нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы облысы карантин кезеңінде нанмен толық қамтамасыз етілді.

Көп жылдан бері «Аксай нан» өндіріс сапасының тұрақтылығы мен сенімділігі арқасында тұтынушылар сұранысына ие. Кәсіпорында ISO 9001 халықаралық стандарты мен НАССР принциптеріне негізделген интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілген.

Заманауи жабдықталған технологиялық және микробиологиялық зертханалар шикізат пен дайын өнім сапасын мұқият қадағалап отырады. Зертханалар Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығында тұрақты түрде аттестациядан өтеді.

Өндірістік, тұрмыстық және әкімшілік орындарды жаңартуға, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық өнім тек табиғи шикізаттан жасалады және сәйкестік сертификаттарына ие.

Дәстүрлі нан түрлерімен қатар, комбинаттың ассортиментінде арнайы диеталық нан өнімдері мен Алматы қаласының диетологтарымен бірлесе әзірленген денсаулыққа пайдалы нан өнімдері желісі де бар.

Денсаулыққа пайдалы нан өнімдері желісіне мыналар кіреді:

  • «Ржаное чудо» – кептірілген жемістер, фундук, грек жаңғағы, бадам және асқабақ дәндері қосылған қара бидай наны. Қара бидай ұны – денсаулық пен жастықтың қайнар көзі! Бұл нан бидай және қара бидай ұнының қоспасынан, сүтқышқылды бактериялар негізіндегі ашытқы көмегімен дайындалады. В тобының дәрумендеріне, сирек микроэлементтерге бай.
  • «Цельнозерновой» нан – құрамында кептірілген жемістер, бадам, грек жаңғағы, күнбағыс дәндері, зығыр тұқымдары, кептірілген көкөністер және қуырылған сұлы үлпектері бар. Ас қорытуға көмектеседі, өт қышқылдарының бөлінуін төмендетіп, өттегі тас түзілуінің алдын алады.
  • «Клетчатка с черносливом» нан – құрамындағы бидай кебегі оны тағамдық талшықтардың тамаша көзі етеді.
  • «Гречишный» нан – обыр (рак) ауруларының алдын алу үшін ұсынылады.
  • «Овсяный» рогалигі – тағамдық талшықтарға бай, атеросклероз, жүрек-қантамыр аурулары, гипертония кезінде пайдалы.
  • «Финский зерновой» нан – ағзаны токсиндерден тазартады.
  • «Казахстан» наны – құрамындағы кориандр ауыр және майлы тағамдардың қорытылуын жеңілдетеді.
  • «Ржаной с изюмом» нан – А дәрумені мен В тобының дәрумендеріне, йод, мырыш, марганец, калий, кальций, фосфор, темір, фтор, кремний қышқылы сынды минералдарға, сондай-ақ тағамдық талшықтарға бай. Ішек жұмысын жақсартып, обыр және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алады.
  • 2020 жылғы жаңалықтарқарасора ұнынан жасалған нан және топинамбур ұнынан жасалған нан. Бұл нан түрлері салмақты бақылауда ұстайтын, белсенді спортпен айналысатын адамдарға, өкпе, бронх, жүрек-қантамыр, асқазан-ішек, бүйрек ауруларымен күресетіндерге ұсынылады. Сонымен қатар темір тапшылығы мен психоэмоционалдық күйзелістердің алдын алып, иммунитетті күшейтеді.

Жыл сайын комбинат технологтары жаңа өнім рецептілерін әзірлейді. Жаңа өнімдер нарыққа шығар алдында фирмалық дүкендерде ауқымды дәм татулар ұйымдастырылады.

Тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, комбинат тәтті тоқаштар, баранкалар және кондитерлік өнімдердің үлкен түрін ұсынады.

Кәсіпорынның кондитерлік өнімдер сапасын басқару жүйесі жасанды хош иістендіргіштер мен бояғыштарды қолдануға тыйым салады. Торттарды дайындау үшін тек табиғи және балғын өнімдер қолданылады. Кәсіпорын дүкендерінде шағын тоқаштардан бастап кез келген безендірумен жасалатын алып тапсырыс торттарына дейін табуға болады. Кондитерлік тапсырыстар бөлімі кәсіпорын жанында орналасқан, онда сіз кез келген мерекеге арналған тортқа тапсырыс бере аласыз: үйлену тойы, балалар туған күні, мерейтой немесе корпоратив. Кәсіпорынның кондитерлері кез келген қиялыңызды жүзеге асыра алады: эксклюзивті дизайн, мастикадан жасалған күрделі фигуралар, креммен жазылған тілектер, жеуге болатын мультфильм кейіпкерлері және тағы басқалар.

Торттар, пирожныйлар, тәтті тоқаштар және басқа да өнімдер өз сапасы, дәмдік қасиеттері және қолжетімді бағасымен тұтынушыларды қанағаттандырады.

Тұтынушылардың сүйіспеншілігі мен құрметі «Аксай нанды» жаңа жетістіктерге шабыттандырады.