«Атамекен» ҰКП жанындағы Сарапшылар тобы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына қатысушылардың материалдарын бағалауға кірісті

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болу конкурсы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс–көрмесін өткізу тәртібі мен бағалау критерийлері бойынша бағалау әдістемесі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға конкурстарға қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізетін Сарапшылар тобының мүшелері қатысты. Іс–шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тайшытаев Жеңіс Аждарұлы төрағалық етті.

«Конкурстық материалдарды бағалауға қатысу – үлкен жауапкершілік әрі отандық кәсіпкерлікті дамытуға қосқан елеулі үлес. Сарапшылардың кәсібилігіне, объективтілігіне және қағидаттылығына конкурстардың нәтижелеріне қатысушылардың сенімі және қазақстандық бизнестің лайықты өкілдерін анықтау тікелей байланысты», – деп атап өтті Тайшытаев Жеңіс Аждарұлы.

Бағалау әдістемесі бойынша оқытуды Исаева Мерей Сеилбекқызы, республикалық конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директор – «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық байланыстар департаменті директорының орынбасары жүргізді.

Оқыту барысында сарапшылар бағалаудың негізгі критерийлерімен және қатысушылардың материалдарын қараудың практикалық аспектілерімен танысты.

«Конкурстық материалдарды бағалауға бірыңғай тәсіл қолдану конкурстарды объективті өткізудің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Сондықтан оқыту барысында біз критерийлерді практикада қолдануға және қатысушылардың материалдарын бағалау реттілігіне ерекше назар аудардық», – деп атап өтті Мерей Сейлбекқызы.

Сондай-ақ Сарапшылар тобы мүшелерінің бағалау барысында туындайтын өзекті мәселелері талқыланып, тиісті түсініктемелер берілді.

Семинар аясында Сарапшылар тобының жұмыс кестесі келісіліп, қатысушылардың материалдарын қарау тәртібі айқындалды. Іс–шара қорытындысы бойынша Сарапшылар тобының мүшелері «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына қатысушылардың материалдарын қарау және алдын ала бағалау жұмысына кірісті.