1 ТАМЫЗДАН БАСТАП «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОЛШАТЫР БРЕНДІН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРУГЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 1 тамыздан бастап «Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсқа өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды.

Конкурстың негізгі мақсаты отандық компанияны және оның жоғары сапалы өнімдерін «Ұлы дала елі» қолшатыр брендімен тауарларды экспорттау кезінде ынталандыру және позициялау, елдің шетелде танылуын арттыру болып табылады.

«Ұлы дала елі» қолшатыр бренді халықаралық нарықтарда Қазақстан брендін ілгерілететін Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушілеріне табыс етіледі.

 

Конкурсқа қатысушылар келесі критерийлерге сай болуы керек:

- өнімнің бір түрін өндірудің жалпы көлемінің кемінде 10% көлеміндегі экспорт үлесі;

- өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстардың жалпы өзіндік құнындағы тауарларды өндіру, қызметтер көрсету кезіндегі елішілік құндылық үлесі (кемінде 30%);

- халықаралық бизнес-қоғамдастықтарға мүшелік;

- лицензиялардың, рұқсаттардың, патенттердің болуы;

- халықаралық наградалардың, дипломдардың болуы;

- сауда маркасының танылуы, ұсынылған портфолио бойынша компанияның оң имиджі (құпталады).

 

Конкурсқа келесі кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады:

1. қызметті нарықта кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2. тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;

3. жер қойнауын пайдаланушылар болып табылмайтын;

4. өтінімде дұрыс мәліметтер көрсеткен.

 

Конкурс өткізу тәртібі:

Өтінімдерді қабылдау https://altynsapa.kz/ ресми сайтында онлайн режимінде 2026 жылғы 1 тамыздан 1 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей салтанатты түрде өткізіледі.