Қазақстандық кәсіпорындар ТМД-ның сапа саласындағы сыйлығының лауреаты және дипломанты атанды

2026 жылғы 8 шілдеде Қырғыз Республикасында Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін 2025 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығын табыстаудыңсалтанатты рәсімі өтті.

ТМД сыйлығы – Достастық кеңістігіндегі сапа саласындағы ең беделдіхалықаралық марапаттардың бірі. Байқау екі жылда бір рет өткізіліп, өнімдермен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда жоғары нәтижелерге қолжеткізген, заманауи менеджмент жүйелерін, цифрлық шешімдер мен инновациялық технологияларды табысты енгізген, сондай-ақ өндірістиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырған кәсіпорындарды анықтауғажәне ынталандыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының атынан байқауға Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурстыңжеңімпаздары қатысады. Олар өнім сапасының жоғары деңгейін, басқаружүйесінің тиімділігін және тұрақты дамуын дәлелдеген кәсіпорындар.

Отандық кәсіпорындардың байқауға қатысуын қамтамасыз етудемемлекеттің ұйымдастырушылық қолдауы маңызды рөл атқарады. Өнімдермен көрсетілетін қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшінТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығын алуға арналған конкурсқаотандық кәсіпорындардың қатысуы Қазақстан Республикасы Сауда жәнеинтеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің қолдауымен, сондай-ақ «Атамекен» ҚазақстанРеспубликасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үйлестіруімен жәнесүйемелдеуімен жүзеге асырылады.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ТМД сыйлығына қатысу тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Ел тарихында алғаш рет бірден бес отандық кәсіпорын лауреат және дипломант атақтарына ие болды. Бұл – қазақстандық бизнестің жоғары деңгейдедамуының және оның жетістіктерінің халықаралық деңгейдемойындалуының жарқын дәлелі.

ТМД сыйлығының лауреаты атағына төмендегі кәсіпорындар иеболды:

• «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС;

• «НПО Дефектоскопия» ЖШС.

ТМД сыйлығының дипломанты атағы төмендегі кәсіпорындарғаберілді:

• «Бёмер Арматура» ЖШС;

• «РУБИКОМ» ЖШС;

• «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС.

Халықаралық қазылар алқасының қазақстандық кәсіпорындарға бергенжоғары бағасы елімізде сапа мәдениетінің жүйелі түрде дамып кележатқанын, өндірісті басқарудың заманауи тәсілдерінің тиімді енгізіліпжатқанын және бизнестің үздіксіз жетілуге ұмтылысын айқын көрсетеді. Бұлжетістіктердің негізінде еңбек ұжымдарының көпжылдық еңбегі, жаңатехнологияларға салынған инвестициялар, тұтынушы алдындағыжауапкершілік және жоғары сапа стандарттарына деген адалдық жатыр.

Қазақстанның ТМД сыйлығындағы тарихи нәтижесі жеңімпазкәсіпорындар үшін ғана емес, тұтас отандық кәсіпкерлік қауымдастық үшінде маңызды оқиға болды. Бұл қазақстандық өндірушілердің халықаралықдеңгейде табысты бәсекелесе алатынын, өнімдер мен көрсетілетінқызметтердің сапасына қойылатын жоғары талаптарға толық сәйкес келетінінжәне еліміздің абыройын халықаралық деңгейде лайықты таныта алатынындәлелдейді.

ТМД сыйлығына қазақстандық кәсіпорындардың қатысуы мен жеңісісапа саласындағы үздік ұлттық тәжірибелерді кеңінен насихаттауға, ТМД-ғақатысушы мемлекеттер арасындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайтуғажәне «Қазақстанда жасалған» өнімге деген сенімді арттыруға ықпал етеді. Бұл жетістік отандық бизнестің одан әрі дамуына, инновацияларды енгізугежәне ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа серпінбереді.