«Бёмер Арматура» ЖШС Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердіңсапасы саласындағы жетістіктері үшін 2025 жылғы ТәуелсізМемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты атанды. Бұлхалықаралық марапат кәсіпорынның заманауи өндірісті дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және өнімнің мінсіз сапасынқамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысына берілген жоғары баға болды.
2011 жылы құрылған зауыт Қазақстан Республикасының Үдемеліиндустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іскеқосылып, бүгінде мұнай-газ саласына арналған құбыр арматурасын өндіретінжетекші отандық кәсіпорындардың біріне айналды.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – халықаралық талаптарға толықсәйкес келетін шарлы крандарды жобалау және өндіру. Зауыт өнімдерімұнай-газ саласының маңызды нысандарында кеңінен қолданылып, жоғарысенімділігімен және ең жоғары «А» герметикалығы класымен ерекшеленеді. Бұл көрсеткіштер жабдықтың ең күрделі өндірістік жағдайда да қауіпсіз әрітұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның басты артықшылықтарының бірі – өндірісті үздіксізжетілдіру мен технологиялық мүмкіндіктерді тұрақты кеңейту. Қызмет еткенжылдар ішінде шығарылатын өнім түрлері үш еседен астам көбейіп, өндіріскөлемі зауыт іске қосылған уақыттан бері шамамен 90 пайызға артты. Бүгіндекәсіпорын 200-ден астам өнім түрін шығарып, жылына 10 мыңға дейіншарлы кран өндіруге қауқарлы.
Өндіріс жоғары технологиялық жабдықтармен, автоматтандырылғанжелілермен және сандық бағдарламалық басқару жүйесі бар станоктарменжабдықталған. Бұл өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мұнай-газ саласының ең қатаң талаптарына толық сәйкес келуге мүмкіндікбереді.
Бүгінде кәсіпорын өнімдері Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғарысұранысқа ие. Компания NCOC, Қарашығанақ Петролиум Оперейтингжәне Теңізшевройл секілді ірі мұнай-газ операторларымен табыстыынтымақтастық орнатып, өнімдерін экспортқа шығарып келеді. Соңғыжылдары экспорт көлемі жалпы өндірістің шамамен 40 пайызын құрап отыр.
Кәсіпорынның жоғары өндірістік әлеуеті бұған дейін де ұлттықдеңгейде лайықты бағаланған. Әр жылдары «Бёмер Арматура» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпазы атанып, ҚазақстанРеспубликасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты болды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалықреттеу және метрология комитетінің қолдауымен, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңсүйемелдеуімен және үйлестіруімен кәсіпорын Қазақстан Республикасыныңатынан Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы саласындағыжетістіктері үшін ТМД сыйлығына қатысып, құрметті дипломант атағына иеболды. Бұл жоғары халықаралық марапат кәсіпорынның даму тарихындағыжаңа белеске айналып, қазақстандық өнеркәсіптің жоғары технологиялар мен сапа стандарттарын табысты игеріп, халықаралық деңгейде бәсекегеқабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
ТМД сыйлығы дипломанты атағы – кәсіпорын ұжымының кәсібилігіне, сапаны үздіксіз жетілдіруге және өндірісті тұрақты дамытуға бағытталғанқажырлы еңбегіне берілген халықаралық деңгейдегі жоғары баға. Бұлжетістік отандық өндірістің әлеуетін айқындап қана қоймай, Қазақстандашығарылатын өнеркәсіптік өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінхалықаралық деңгейде тағы бір мәрте паш етті.



