Халықаралық биікке бастар жол: «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС ТМД сыйлығының лауреаты атанды

«Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін 2025 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының лауреатыатанды. Бұл беделді халықаралық марапат сапа саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, заманауи технологияларды тиімді енгізіп, басқару жүйесін үздіксіз жетілдіріп, тұрақты даму қағидаттарын табысты жүзеге асырып отырған кәсіпорындарға табысталады.

Лауреат атану – кәсіпорынның жиырма жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан даму жолының, өндірісті ұдайы жаңғыртуға, озық технологияларды енгізуге және жоғары сапа стандарттарына адалдықтың заңды нәтижесі. Бүгінде компания Қазақстандағы полиэтилен құбырларын өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі ретінде танылып, отандық өнеркәсіптің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Компанияның тарихы 2003 жылдан бастау алғанымен, оның өндірістік тәжірибесі 1981 жылы негізі қаланған пластмасса бұйымдары зауытының дәстүрімен сабақтасып жатыр. Бүгінде кәсіпорын жалпы аумағы 7 гектарды құрайтын 12 өндірістік цехтан тұратын заманауи өндірістік кешенге айналып, құрылыс, коммуналдық және өнеркәсіп салаларына арналған өнімдердің кең ассортиментін шығарады.

Кәсіпорынның негізгі қызметі – диаметрі 1600 мм-ге дейінгі полиэтилен және полипропилен құбырларын, пластмасса бұйымдарын және құрылыс материалдарын өндіру. Сонымен қатар «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС Қазақстанда диаметрі 1600 мм болатын полиэтилен құбырларын өндіретін бірден-бір кәсіпорын, әрі мұндай өндірістік әлеуетке ие ТМД кеңістігіндегі санаулы кәсіпорындардың бірі болып табылады. Бұл жетістік әлемдік деңгейдегі KraussMaffeiкомпаниясының заманауи жабдықтарын және жылына 50 мың тоннаға дейін полиэтилен өңдеуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық экструзиялық желілерді пайдалану арқылы мүмкін болды.

Компания технологиялық жаңғыртуға тұрақты түрде инвестиция салыпкеледі. Соңғы жылдары көпқабатты құбырлар өндірісі іске қосылып, пластик қалдықтарын қайта өңдеу жолға қойылды. Экологиялық бастамалардыжүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде кәсіпорын QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS республикалық байқауында«Жылдың үздік экологиялық жобасы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Компания өнімдерінің жоғары сапасы ішкі нарықтағы сұраныспен ғанаемес, экспорт көлемімен де дәлелденеді. Бүгінде кәсіпорын өнімдері РесейФедерациясы мен Өзбекстан Республикасына экспортталып, халықаралықталаптарға толық сәйкес келетін сапалы өнім ретінде жоғары бағаланыпотыр.

Кәсіпорынның жетістіктері бұған дейін де мемлекет тарапынан жоғарыбағаланған. Әр жылдары компания Қазақстан Республикасы Президентінің«Парыз» сыйлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Іскер» сыйлығының иегері атанып, «Алтын сапа» республикалық байқауыныңлауреаты болды. Ал 2019 жылы ТМД сыйлығының дипломанты атанса, 2025 жылы кәсіпорын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қолдауымен, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлерпалатасының сүйемелдеуімен және үйлестіруімен ТМД сыйлығына қайта қатысып, Қазақстан Республикасының атынан лайықты өнер көрсетті. Нәтижесінде кәсіпорын ТМД сыйлығының лауреаты атанып, өз өнімініңжоғары сапасын және таңдаған даму стратегиясының тиімділігін тағы бірмәрте дәлелдеді.

ТМД сыйлығы лауреаты атағы – кәсіпорын ұжымының кәсібилігіне, инновацияларды жүйелі енгізуге және сапаны үздіксіз жетілдіругебағытталған еңбегіне берілген халықаралық жоғары баға. Бұл жетістікҚазақстан өнеркәсібінің әлеуетін айқын көрсетіп, отандық кәсіпорындардыңхалықаралық деңгейде табысты бәсекеге түсе алатынын, жоғары сапа мен өндірістік мәдениеттің үлгісін қалыптастырып отырғанын тағы бір мәртедәлелдейді.