ТМД-ның үздік кәсіпорындары қатарында: «РУБИКОМ» кәсіпорны ЖШС ТМД сыйлығының дипломанты атанды

«РУБИКОМ» ЖШС Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасысаласындағы жетістіктері үшін 2025 жылғы Тәуелсіз МемлекеттерДостастығы сыйлығының дипломанты атанды. Бұл беделді халықаралықмарапат кәсіпорынның өндірісті тиімді ұйымдастырудағы, сапа менеджментіжүйесін жетілдірудегі және бәсекеге қабілетті өнім шығарудағы көпжылдықеңбегіне берілген жоғары баға болды.

2009 жылы құрылған кәсіпорын бүгінде Қазақстандағы шұжықөнімдерін, ет деликатестерін және жартылай фабрикаттарды өндіретін іріөндіріс орындарының бірі саналады. Осы жылдар ішінде компания өсімдікшаруашылығын, жем өндірісін, мал шаруашылығын және ет өңдеудібіріктіретін толық циклді заманауи агроөнеркәсіптік кешен қалыптастырды. Мұндай өндірістік модель шикізатты өндіруден бастап дайын өнімдітұтынушыға жеткізуге дейінгі барлық кезеңде сапаны қатаң бақылауғамүмкіндік береді.

Кәсіпорынның өндірістік кешені еуропалық үлгідегі заманауижабдықтармен және автоматтандырылған технологиялық желілерменжарақтандырылған. Бұл өндірістің жоғары өнімділігін қамтамасыз етіп қанақоймай, өнім сапасының тұрақтылығына және халықаралық азық-түлікқауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келуіне мүмкіндік береді. Бүгіндекәсіпорын 200-ге жуық өнім түрін шығарып, өз өнімдерімен еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұтынушылардың сеніміне ие болып отыр.

Компания өнімдерінің жоғары сапасы ішкі нарықтағы сұраныспен ғанаемес, халықаралық деңгейдегі жетістіктерімен де дәлелденеді. Кәсіпорынөнімдері экспортқа шығарылып, 2024 жылы Беларусь Республикасында жәнеҚытай Халық Республикасында өткен халықаралық көрмелердетаныстырылды. Сонымен қатар кәсіпорын «Гарантия качества» халықаралықбайқауында алтын және күміс медальдарға ие болып, өз өнімдерінің жоғарысапасын халықаралық деңгейде тағы бір мәрте дәлелдеді.

Өндірісті дамыту ісімен қатар кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілікқағидаттарын да берік ұстанады. Компания спорттық және білім беру бастамаларын қолдап, қайырымдылық жобаларына белсенді қатысып, өңірдің әлеуметтік дамуына өз үлесін қосып келеді.

Кәсіпорынның жоғары жетістіктері бұған дейін де елімізде лайықтыбағаланған. 2023 жылы «РУБИКОМ» ЖШС Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік немесе ауылшаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясыныңлауреаты атанды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қолдауымен, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлерпалатасының сүйемелдеуімен және үйлестіруімен кәсіпорын ҚазақстанРеспубликасының атынан Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасысаласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығына қатысып, құрметтідипломант атағына ие болды. Бұл жоғары халықаралық марапаткәсіпорындағы өндірісті тиімді ұйымдастырудың, ұжымның кәсібилігініңжәне отандық тамақ өнеркәсібінің халықаралық деңгейдегі бәсекегеқабілеттілігінің тағы бір жарқын дәлелі болды.

ТМД сыйлығы дипломанты атағы – кәсіпорын ұжымының кәсібилігіне, заманауи технологияларды жүйелі енгізуге және жоғары сапа стандарттарынадеген тұрақты ұстанымына берілген халықаралық деңгейдегі жоғары баға. Бұл жетістік қазақстандық азық-түлік өндірушілерінің ішкі нарықтағы ғанаемес, халықаралық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін айқындап, еліміздіңөндірістік әлеуетін лайықты таныта түсті.