«НПО Дефектоскопия» ЖШС Өнімдер мен көрсетілетінқызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін 2025 жылғыТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының лауреаты атанды. Бұлбеделді халықаралық марапат сапаны қамтамасыз ету, инновациялардыенгізу, басқару жүйелерін жетілдіру және тұрақты даму бағытында үздікнәтижелерге қол жеткізген кәсіпорындарға табысталады.
Лауреат атағының берілуі – мұнай-газ, тау-кен, металлургия жәнеэнергетика салалары үшін бұзбай бақылау мен құбырішілік диагностика қызметтерін көрсететін Қазақстандағы жетекші кәсіпорындардың бірінеайналған компанияның көпжылдық еңбегінің заңды нәтижесі.
2009 жылы құрылған кәсіпорын бұзбай бақылау жұмыстарынжүргізуге, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына, құбырлар мен буқұбырларын техникалық куәландыруға, сондай-ақ құбырішілік диагностика қызметтерін көрсетуге маманданған. Жоғары кәсіби құзырет пен заманауитехнологияларды тиімді қолданудың арқасында компания өндірістікинфрақұрылым нысандарының сенімді диагностикасын қамтамасыз етіп, олардың қауіпсіз әрі тиімді пайдаланылуына өз үлесін қосып келеді.
Кәсіпорынның басты артықшылықтарының бірі – дәнекерлеу жәнеметалл сапасын бақылауға арналған өз сынақ зертханасының болуы. Зертхана 200-ден астам заманауи жабдықпен және бағдарламалыққамтамасыз ету жүйелерімен жарақтандырылған. Сонымен қатар, ол A2LA(Америкалық зертханаларды аккредиттеу қауымдастығы) тарапынанаккредиттеліп, көрсетілетін қызметтердің халықаралық талаптарға толықсәйкес келетінін және жоғары сапасын растады.
Компания бұзбай бақылаудың 19 заманауи әдісін қолданады. Олардыңқатарында цифрлық радиография мен ұзынтолқынды бағытталғанультрадыбыстық бақылау (LRUT) секілді озық технологиялар бар. Сондай-ақкәсіпорын құбырішілік диагностика саласындағы әлемдік көшбасшы ROSENкомпаниясымен ынтымақтаса отырып, әртүрлі диаметрдегі құбырлардыдиагностикалаудың заманауи шешімдерін ұсынып келеді.
Кәсіпорында цифрлық трансформация мен бизнес-процестердіжетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. ELMA жобаларды басқару жүйесініңенгізілуі және «Қағазсыз кеңсе 80/20» жобасының іске асырылуы басқарутиімділігін арттырып, құжат айналымын жеделдетуге және өндірістікпроцестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы халықаралықстандарттарының енгізілуімен ғана емес, сонымен қатар еліміздің ірімұнай-газ және энергетика кәсіпорындары үшін 150-ден астам жобаныңтабысты жүзеге асырылуымен де дәлелденеді. Компанияның серіктестеріқатарында «ҚазТрансОйл» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС секілді жетекші кәсіпорындар бар.
Компания табысының негізі – жоғары білікті мамандар ұжымы. Қызметкерлер халықаралық деңгейде тұрақты түрде оқытылып, сертификаттаудан өтеді. Ал IPMA халықаралық стандартына сәйкесенгізілген жобаларды басқару жүйесі кез келген күрделіліктегі жобалардытиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның жоғары жетістіктері бұған дейін де ұлттық деңгейделайықты бағаланған. 2017 жылы «НПО Дефектоскопия» ЖШС ҚазақстанРеспубликасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Қызмет көрсететінүздік кәсіпорын» номинациясының лауреаты атанса, 2021 жылы QazaqstanProject Management Awards байқауында «Үздік жобалық кеңсе» номинациясыбойынша алтын жүлдені иеленді. Қазақстан Республикасы Сауда жәнеинтеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетініңқолдауымен, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттықкәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен және үйлестіруімен кәсіпорынҚазақстан Республикасының атынан ТМД-ның Өнімдер мен көрсетілетінқызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін сыйлығына қатысып, отандық инженерлік мектептің жоғары деңгейін дәлелдей отырып, ТМД сыйлығының лауреаты атанды. Бұл жоғары халықаралық марапат ұжымныңкәсібилігін, таңдалған даму стратегиясының тиімділігін және қазақстандықкәсіпорындардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бірмәрте айқындады.
ТМД сыйлығының лауреаты атағы – кәсіпорын ұжымыныңкәсібилігіне, инженерлік әлеуетіне және сапаны үздіксіз жетілдіругебағытталған жүйелі жұмысына берілген жоғары халықаралық баға. Бұлжетістік қазақстандық инженерлік мектептің әлеуетін айқын көрсетіп, отандық компаниялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында халықаралықдеңгейдегі жоғары стандарттарды қалыптастыра алатынын тағы бір мәртедәлелдейді.



