«БатысМунайГазЖабдыктары» ЖШС ТМД-ның сапа саласындағы сыйлығының дипломанты атанды

«БатысМунайГазЖабдыктары» ЖШС Өнімдер мен көрсетілетінқызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін 2025 жылғыТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты атанып, Достастық кеңістігіндегі үздік кәсіпорындардың қатарына енді. Бұлхалықаралық марапат сапа менеджментінің заманауи жүйелерін тиімдіенгізіп, инновациялық технологияларды қолдану мен тұрақты даму бағытында жоғары нәтижелерге қол жеткізген кәсіпорындарға табысталады.

Батыс Қазақстан облысында орналасқан кәсіпорын үшін бұл марапатөндірісті үздіксіз жетілдіруге, заманауи инженерлік шешімдерді енгізуге жәнесаланың ең жоғары талаптарына сай жұмыс істеуге негізделген жиырмажылға жуық еңбектің заңды жемісі болды.

2006 жылы құрылған «БатысМунайГазЖабдыктары» ЖШС бүгіндемұнай-газ саласына арналған жоғары технологиялық жабдықтарды өндіретінжетекші отандық кәсіпорындардың бірі саналады. Компания автоматтандырылған газ тарату станцияларын жобалау, өндіру және енгізу, технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерін әзірлеу, сондай-аққұрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау бағытындамаманданған. Бүгінде кәсіпорын Қазақстандағы кез келген қуаттағыавтоматтандырылған газ тарату станцияларын шығаратын бірегей өндірушіболып табылады. Оның өндірістік мүмкіндігі сағатына 3 миллион қалыптытекше метрге дейін газ өткізуге арналған жабдық шығаруға мүмкіндік береді.

Компания қызметінің басты ерекшеліктерінің бірі – жобаларды кешендітүрде жүзеге асыру. Кәсіпорын жобалау кезеңінен бастап жабдықтыдайындау, нысанды пайдалануға беру, сервистік қызмет көрсету жәнемамандарды оқытуға дейінгі барлық жұмыстарды толық атқарады. Осындайжүйелі тәсілдің нәтижесінде компания Қазақстанның мұнай-газ саласындағыірі кәсіпорындардың сенімді серіктесіне айналды.

Өз қызметі барысында «БатысМунайГазЖабдыктары» ЖШС елімізбойынша 150-ден астам газдандыру жобасын іске асырды. Олардыңқатарында «Қарашығанақ – Орал» газ құбыры мен Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің бес әлеуметтік бастамасы аясында жүзеге асырылған«Сарыарқа» магистральдық газ құбыры секілді стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар бар. Бұл жобалар еліміздің газ инфрақұрылымын дамытуға және энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуғаелеулі үлес қосты.

Кәсіпорын қызметінде экологиялық және әлеуметтік жауапкершіліккеде айрықша мән беріледі. Компания жаңартылатын энергия көздеріненегізделген шешімдерді, заманауи өрт қауіпсіздігі мен газдануды бақылаужүйелерін енгізіп келеді. Сонымен қатар әлеуметтік мекемелерге, білім беру ұйымдарына қолдау көрсетіп, өңірлерде қайырымдылық жобаларын тұрақтытүрде жүзеге асырады.

Кәсіпорынның жоғары өндірістік әлеуеті бұған дейін де ұлттықдеңгейде лайықты бағаланған. 2021 жылы «БатысМунайГазЖабдыктары» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясының лауреаты атанды. Осы жетістіктің заңды жалғасы ретінде кәсіпорын Қазақстан РеспубликасыСауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қолдауымен, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан РеспубликасыҰлттық кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен және үйлестіруіменҚазақстан Республикасының атынан ТМД сыйлығына қатысып, байқауқорытындысы бойынша ТМД сыйлығының дипломанты атанды.

ТМД сыйлығы дипломанты атағына ие болуы – кәсіпорынның сапаға, инновацияға және үздіксіз дамуға негізделген ұзақ жылғы еңбегініңхалықаралық деңгейде мойындалуының айқын көрінісі. Бұл жетістікқазақстандық кәсіпорындардың әлемдік талаптарға сай өнім өндіріп, халықаралық деңгейде табысты бәсекеге түсе алатынын тағы бір мәртедәлелдейді.