2026 жылғы 1 шілде күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа»сыйлығын алуға арналған конкурсқа және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесіне өтінім қабылдау аяқталады.
2026 жылғы 29 маусымдағы жағдай бойынша конкурстарға қатысуға барлығы 896 өтінімкеліп түсті, оның ішінде:
• Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына 340 өтінім;
• «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесіне 556 өтінім.
Қатысушылардың жоғары белсенділігі отандық кәсіпорындардың өнім сапасын арттыруға, өндірістік үдерістерді жетілдіруге және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге деген ұмтылысын көрсетеді.
Өтінім беріп үлгермеген кәсіпорындар құжаттарын 2026 жылғы 1 шілдені қоса алғандаaltynsapa.kz ресми сайты арқылы жолдай алады.
Конкурстарға қатысу кәсіпорындарға өз жетістіктерін таныстыруға, өнім сапасының жоғары деңгейін дәлелдеуге және отандық үздік өнімдерді республикалық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.



