Ақтөбеде кәсіпкерлерді еліміздің басты сапа байқауларына дайындаужұмыстары қарқын алды. Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасындаҚазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауына қатысу тәртібібойынша оқыту семинары өтті.
Іс-шараға өз өнімдерін республикалық деңгейде танытып, беделін арттыруғаниетті өңірдің 40-тан аса жетекші тауар өндірушісі қатысты.
Семинарды ашқан Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов сапа байқауларына қатысу бүгінде бизнес үшін тек мәртебе ғана емес, кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалаудың маңыздықұралына айналғанын атап өтті.
- Кәсіпорын үшін бұл өз қызметіне сырт көзбен қарап, ішкі аудит жүргізуге, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін растауға және тұтынушылардың сеніміне иеболуға мүмкіндік береді. Мұндай байқаулардағы жеңіс - бизнестіңкемелденгендігін және компанияға деген жоғары сенімнің көрсеткіші, - дедіол.
Палата басшысының айтуынша, ақтөбелік кәсіпорындар жыл сайынреспубликалық деңгейде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Ал кәсіпкерлерпалатасы қатысушыларға дайындықтың барлық кезеңінде жан-жақты қолдаукөрсетуге әзір.
Семинардың негізгі спикері ретінде Астанадан арнайы келген республикалықконкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директор Мерей Исаева сөз сөйледі. Ол қатысушыларға байқауларға қатысу рәсімі, іріктеу талаптарымен конкурс материалдарын дайындаудың ерекшеліктері туралы жан-жақтыақпарат берді.
Кездесуде биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтетін "Алтын сапа" байқауына ерекше назар аударылды. Байқау 2006 жылдан бері ҚазақстанРеспубликасы Президентінің Жарлығы негізінде өткізіліп келеді жәнеотандық бизнестің жетістіктерін бағалаудағы ең беделді алаңдардың бірісаналады.
Қатысушыларға конкурс есебін әзірлеу тәртібі, бағалаудың 9 критерийі мен 32 субкритерийін ашу жолдары, сондай-ақ үміткерлерге қойылатын негізгіталаптар егжей-тегжейлі түсіндірілді.
- Байқау бизнестің үш санаты бойынша төрт номинацияда өткізіледі. Сонымен қатар үш арнайы сыйлық табысталады. Өтінімдер 1 шілдеге дейінaltynsapa.kz сайты арқылы қабылданады, - деді Мерей Исаева.
Семинардың тәжірибелік бөлігінде сарапшы-аудитор Марина Анисимова сапа менеджменті жүйелері, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, НАССР қағидаттары, экологиялық менеджмент, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаужүйелерін сертификаттау және растау мәселелеріне тоқталды.
Қатысушылар үшін ерекше қызығушылық тудырған бөлімнің бірі - байқаужеңімпазының тәжірибесі болды. Өзінің жетістік жолымен "Зәру" марал шаруашылығының жетекшісі Бану Тлегенова бөлісті. Оның кәсіпорны 2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығыныңлауреаты атанған болатын.
Кәсіпкер байқауға дайындық кезеңдері, бағалау үдерісінен өту тәжірибесіжәне жеңістің компанияның әрі қарайғы дамуына әсері туралы айтып берді.
- Осындай байқаулардың арқасында қазақстандық өндірушілерді бүкіл ел танып келеді. Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін марапаттау рәсімінеқатысу - үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Қорықпаңыздар, қатысыңыздар, өздеріңізді танытыңыздар және сапалы өнім өндірушіретіндегі беделдеріңізді қалыптастырыңыздар, - деді Бану Тлегенова.
Семинар аясында кәсіпкерлерге "Парыз" республикалық әлеуметтікбайқауына қатысу шарттары да түсіндірілді. Бұл жөнінде Ақтөбе облысыныңжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыбасшысының орынбасары Әнуарбек Жеңісұлы ақпарат берді.
Іс-шара сарапшылармен ашық диалог форматында жалғасты. Қатысушыларөздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар мен байқауұйымдастырушыларынан нақты тәжірибелік кеңестер алды.
Жеке кәсіпкер Айнель Амандостың «Қазақстанның үздік тауары» байқауынақатысуға деген үміті зор. Оның айтуынша, бәрі жақындарына арнап тігілгенбір ғана орамалдан басталған.
– Бүгінде бізде өз өндірісіміз бар (қалта және бас орамалдары, қоржындар, киімдер, аксессуарлар), 20 қызметкер жұмыс істейді және Қазақстанның үшқаласында – Алматы, Астана және Атырауда сауда нүктелеріміз бар. Біз этно-стильдегі дизайндарды өзіміз әзірлеп, принттерді басып шығарып, танымалтұлғалар мен ірі банктер таңдайтын бұйымдарды тігеміз. Өткен жылы«Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпазатандық. Бүгін мен осы оқыту семинарында отырмын, өйткені биыл да республикалық байқауға қатысуды жоспарлап отырмыз. Біз үшін бұл жайғана жарыс емес, бұл – сапаның белгісі, мемлекеттің қолдауының дәлелі жәнебизнесті кеңейтіп, жаңа ірі компаниялармен ынтымақтастық орнатуға жолашатын үлкен мүмкіндік, – деді кәсіпкер.
Семинар қорытындысында Дидар Боранқұлов алынған білім өңіркәсіпорындарына конкурс құжаттарын сапалы дайындауға және Ақтөбеоблысының атынан республикалық деңгейде лайықты өнер көрсетугемүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Кездесу соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауы Ақтөбедешілде айының басында өтеді. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің"Алтын сапа" сыйлығына қатысуға өтінімдер 1 шілдеге дейін Ақтөбе облысыКәсіпкерлер палатасында және Алтын сапа сайтында электронды форматтақабылданады.



