ӨТІНІМНЕН ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН: ШҚО-ДА «АЛТЫН САПА» БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Өскемен қаласында бизнес өкілдеріне арналған «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурстарына қатысу мәселелеріне арналған семинар өтті.

 Іс-шара ШҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылып, өз өнімдерінің сапасын арттыруға және жаңа деңгейдегі танымалдыққа шығуға мүдделі шағын және орта бизнес өкілдерін жинады.

Семинарды «Атамекен» ҰКП-ның республикалық конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Мерей Исаева өткізді. Ол қатысушыларға конкурсқа қатысудың барлық кезеңдерін, өтінімдерді рәсімдеу талаптарын, бағалау критерийлерін және комиссия назар аударатын негізгі аспектілерді жан-жақты түсіндірді.

 Кәсіпкерлер арасында өткен жылдың лауреаттары – «Силумин Восток» ЖШС өкілдерінің сөзі ерекше қызығушылық тудырды. Компания өкілдері конкурсқа қатысу тәжірибесімен бөлісіп, болашақ қатысушыларға пайдалы кеңестер берді.

 «Өтінімді дайындау барысында altynsapa.kz ресми сайтында орналастырылған оқыту бейнероликтері бізге үлкен көмек болды. Олар өтінім құрылымын түсінуге, жиі жіберілетін қателіктерден аулақ болуға және өз бизнесіңді дұрыс таныстыруға мүмкіндік береді», – деді компания өкілі.

Семинарға қатысушылар кездесудің практикалық маңыздылығын және ұсынылған ақпараттың өзектілігін атап өтті.

«Семинар өте пайдалы болды – бұрын түсініксіз болған көптеген жайттар енді айқын болды», – деп бөлісті «Altai Mai» ЖШС өкілі.

«Мұндай кездесулер қатысуға дайындықты жүйелеуге көмектеседі. Енді неден бастау керек және өтінімді қалай дұрыс рәсімдеу керектігі туралы нақты түсінік бар», – деді шара қатысушысы.

Семинар барысында қатысушылар сондай-ақ:

• конкурстарға қатысу шарттары мен тәртібі;

• қатысушыларға қойылатын талаптар және өтінім беру рәсімі;

• іріктеу кезеңдері мен бағалау критерийлері;

• бизнес санаттары бойынша номинациялар;

• қатысудың артықшылықтары, соның ішінде брендтің танымалдылығын арттыру және сенімді күшейту туралы білді.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады. «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінің өңірлік кезеңі дәстүрлі түрде 15 шілдеге дейін өтеді.

Мұндай семинарлар өңір кәсіпкерлеріне конкурстық рәсімдерді түсініп қана қоймай, өтінімдерді дайындау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың республикалық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді.заявок на участие в конкурсе «Алтын сапа» и конкурсе «Парыз» продлится до 1 июля 2026 года. Дата проведения регионального конкурса-выставки «Лучший товар Казахстана» будет сообщена дополнительно.