«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына өтінімдерді қабылдаудың 20-шы мерейтойлық кезеңінің басталғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы жыл сайын кәсіпкерлік субъектілерін өнім мен қызмет сапасын жетілдірудегі елеулі жетістіктері және тиімді сапа менеджменті жүйелерін енгізуі үшін конкурс негізінде беріледі.
Қатысуға:
• жеке кәсіпкерлер;
• Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндірумен немесе қызмет көрсетуімен айналысатын заңды тұлғалар (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар Комиссияға кемiнде үш жыл кезеңде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.
Жеңістің артықшылықтары:
«Алтын Сапа» сыйлығының лауреаттары:
• Қазақстан Республикасының Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының лауреаты атағы;
• конкурстың эмблемасы (марапаттау статуэткасы);
• лауреат дипломы (Мемлекет басшысының қолымен);
• ақшалай сыйлық (450 АЕК көлемінде);
• эмблеманы сапа белгісі ретінде жарнамалық мақсатта, тендерлер мен байқауларда пайдалану құқығы;
• өнім мен қызметтің сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығына (ТМД сыйлығы) халықаралық байқауға қатысу құқығы.
Сыйлық шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт номинация бойынша беріледі:
- «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
- «Халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын»;
- «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
- «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».
Конкурс аясында арнайы сыйлықтар қарастырылған: «Үздік индустриалды жоба», «Үздік инновациялық жоба». 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа арнайы номинация енгізілді — «Цифрлық даму саласындағы үздік жоба» (жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер саласында).
Қалай қатысуға болады?
2026 жылғы 1 шілдеге дейін конкурсқа қатысуға өтінімді www.altynsapa.kz сайтының жеке кабинеті арқылы электронды форматта немесе қағаз нұсқасында өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жолдау қажет.
Өтінім нысандары мен оған тіркелетін сауалнама Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына қатысу үшін материалдарды рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелеріне қосымша ретінде беріледі.
Қатысушы сауалнама-декларацияны толтырады және қызметтің қысқаша шолуын және сыйлық моделі бойынша өзін-өзі бағалауды қамтитын есеп дайындайды, ол www.altynsapa.kz сайтында қолжетімді 2018 жылғы 11 маусымдағы № 136 бұйрықпен бекітілген әдістемелік ұсынымдар мен байқау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Іріктеу қалай өтеді
Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
- Өтінімдерді қабылдау және қатысушылар материалдарын алдын ала бағалау
- толтырылған сауалнама-декларациялар, есептер және тіркелген құжаттарды жинау;
- материалдардың байқау талаптарына сәйкестігін және құжаттардың толықтығын тексеру.
- Қатысушылар материалдарын «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Қазақстан Республикасының Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына қатысушылар материалдарын алдын ала бағалау үшін құрылған сарапшылар тобы қарауы
- сарапшылар ұсынылған құжаттарды сыйлық критерийлері бойынша қарастырады (қатысушыларды EFQM мінсіздік моделі критерийлері бойынша бағалайды, бұл модель еуропалық басқарудың үздік тәжірибесін және ұйымдық тиімділікті көрсетеді);
- әр қатысушыға алдын ала баға беріледі.
- Кәсіпорындарға барып бағалау және 45 финалистті анықтау;
- сарапшылар тобы қатысушылар кәсіпорындарына барып ұсынылған деректерді растайды;
- шығарып бағалау нәтижелері бойынша сарапшылар тобы байқаудың 45 финалисі туралы сараптамалық қорытынды дайындайды.
- Финалист материалдарын Қазақстан Республикасының Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына лауреат атағын беру Комиссиясы қарауы және 15 лауреатты анықтау
- комиссия сараптамалық қорытындылар мен шығарып бағалау нәтижелерін қарастырады;
- «Алтын сапа» байқауының 15 лауреатының соңғы тізімі қалыптасады.
Өтінімді мына сілтеме арқылы жіберуге болады: https://altynsapa.kz/competition



