КӘСІПКЕР ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ ТУРАЛЫ: БИЗНЕС ПЕН МЕМЛЕКЕТ БІРЛЕСЕ АЛҒА ЖЫЛЖУЫ ҚАЖЕТ

Кәсіпкер Бану Тлегенова «Зәру» компаниясы үшін бүгінгі күннің айрықша мәні бар екенін атап өтті. Себебі кәсіпорын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болды.

«Мартөк ауданындағы бір ғана пантамен емдеу орталығынан бастаған жолымызда біз жұбайым екеуміз мемлекет пен “Атамекен” ҰКП-ның қолдауының арқасында тұтас бір желіні қалыптастыра алдық. Бүгінгі таңда еңбегіміз “Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын” номинациясы бойынша “Алтын сапа” сыйлығымен жоғары бағаланды. Бұл марапат — тек мойындау ғана емес, сонымен қатар ұлтқа пайдалы сервистерді дамытып, адамдардың денсаулығын нығайту жолында алға жылжуға берілген үлкен серпін», — деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Сондай-ақ Бану Тлегенова марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзін ерекше атап өтті. Президент шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел әзірлеуді тапсырып, өңірлік мамандану, жергілікті өнімдер мен заманауи технологиялардың маңыздылығына назар аударды.

«Мұндай бастамалар өңірлердегі кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады — ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуден бастап, біз “Зәруде” дамытып отырғандай бірегей қызмет түрлерін ілгерілетуге дейін. 

Президенттің бұл тапсырмасы — нақты әрі айқын белгі: бизнес пен мемлекет өзара ықпалдастық пен жауапкершілікті күшейте отырып, бірге алға жылжуы тиіс. Біз жұмысты жалғастырып, жобаларды ауқымын кеңейтуге және өңірлердің дамуына, ұлт денсаулығын нығайтуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз», — деп түйіндеді ол.

Дереккөз: https://kazpravda.kz/n/predprinimatel-o-poruchenii-prezidenta-biznesu-i-gosudarstvu-neobhodimo-dvigatsya-vmeste/