«KSC-PLAST» ЖШС (ары қарай – KSC) тек өндіріс компаниясы болудан шықты. Бұл – қазақстандықтардың күнделікті өміріне енген бренд. Телефон қоңыраулары, интернет байланысы, тұрмыстық су резервуарлары, мектеп жиһазы және медициналық төсек-орындар – KSC өнімдері еліміздің түкпір-түкпірінде қолданыста.
Компания пластмассадан жасалған кең ауқымды өнімдерді шығарады: телекоммуникациялық жабдықтар, су резервуарлары, қоқыс контейнерлері (жылжымалы және жер астындағы), функционалды медициналық төсек-орындар, әртүрлі жиһаздар және тағы басқа. KSC-ның басты мақсаты – үздіксіз даму және халыққа пайда әкелу, себебі тұрақты даму сенімді және қолайлы жұмыс ортасынсыз мүмкін емес.
2004 жылы негізі қаланған компания 20 жылдан астам уақытта өндірістік қуатын арттырып, әртүрлі салаларда ауқымды жобаларды жүзеге асырды. Алматы және Алматы облысындағы өндірістік алаңдар 26 000 шаршы метрден асады, ал заманауи жабдықтар өндіріс цикліне толық мүмкіндік береді — шикізатты тиеуден бастап дайын өнімді шығаруға дейін.
KSC тарихы 2002 жылы телекоммуникациялық жабдықтарды өндіруден басталды. Бүгінде миллиондаған қоңыраулар мен интернет байланыстары осы жабдықтардың арқасында жұмыс істейді. Кейін компания электроқондырғылар өндірісін қолға алды, және бүгінгі таңда 150 миллионнан астам дана сатылды.

2008 жылы KSC пластикалық су резервуарлары мен тазарту құрылғыларын өндіруді іске қосты. Бұл Қазақстандағы осы сегментті игерген алғашқы компаниялардың бірі болды. Бүгінде әр үшінші қазақстандық тұрғыны тұрмыстық қажеттіліктері үшін KSC өнімдерін пайдаланады.
COVID-19 пандемиясы кезінде компанияның көпфункциялы медициналық төсек-орындары республика бойынша жедел салынған ауруханаларды жабдықтауға көмектесті. Қазіргі уақытта науқастардың шамамен 10%-ы осы төсек-орындарда емделуде.
Компания әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады: соңғы үш жылда «Комфортты мектеп» бағдарламасы аясында үстелдер мен орындықтар жеткізілді. 2022 жылдың соңында Алматы қаласының әкімдігіне қысқа мерзімде қоқыс контейнерлері жеткізілді, ал 2024 жылдан бастап жер астындағы қоқыс бактарын жеткізу басталды. Бүгінде қаланың шамамен 80%-ы біздің контейнерлермен қамтамасыз етілген.
Компанияның әр жетістігі — жүйелі жұмыс, детальдарға көңіл бөлу және кәсіби команда нәтижесі. «Үздік өндірістік кәсіпорын» номинациясындағы жеңіс KSC үшін тек марапат қана емес, ұжымның дұрыс бағытта дамып келе жатқанын растайтын белгі болды.
«Бұл марапат — тек қана жетістіктің мойындалуы емес. Марапат алу сәтінде командаға, әрбір жұмсалған күш-қайратқа және осы нәтижеге жету үшін жасаған барлық еңбегімізге деген мақтаныш сезімі қаптады. Жеңіс бізді әрі қарай алға ұмтылуға және жаңа амбициялық мақсаттар қоюға шабыттандырады.»
Бүгінде KSC-PLAST өндірісті дамытып, жаңа технологияларды енгізіп, тұтынушылардың сенімін нығайтып, Қазақстандағы жетекші кәсіпорындардың бірі ретінде өз статусын растайды.



